Оның өмір, еңбек жолдарын зерделесек, ол жер жәннаты Жетісу өңіріндегі есімі аймаққа белгілі педагогтар Әбілмәжін мен Нағима Кенжебектовтердің отбасында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген жылы өзі армандаған дәрігерлік оқуға түсуге жолы болмады. Араға бірер жыл салып, 1988  жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті. Институтты бітірген жоғары білімді маман Роза Әбілмәжінқызы өзімен бірге оқыған атыраулық Бекенов Қанат есімді жігітпен тұрмыс құрып,  Атырауға келіп дәрігерлік еңбек жолын бастады. «Жедел жәрдемде», облыстық онкологиялық ауруханада біраз жыл дәрігер болып қызмет етті.

Дәрігерлік қызметте жүргенде кейбір науқастарды ауруынан айықтырғанымен, енді бірін жазу мүмкін болмады. Себеп, емдеу орнында қатерлі ісік ауруларын дәл анықтап бере алатын диагностикалық аппараттар жетіспейтін-ді. Осы жағдайда  науқастар өзге облыстардағы, сондай-ақ ТМД елдеріндегі емдеу орындарына барып емделуге мәжбүр болды. Бұл жайт Розаны ерекше ойға қалдырды. «Қайткенде науқастарға қол ұшымды бере аламын?» деген ой оны жиі мазалады.

Ақыры бір шешімге келген дәрігер ең озық  медициналық клиникалармен байланыс жасау мақсатында «ПЛАНЕТА. КZ» медициналық туристік компаниясын құрды. Интернет желісі бойынша компанияның арнайы www atуrаuрlanefa.кz сайтын ашты.  Осы бағыттағы ісі нәтижелі болып, шетелдік клиникалармен байланысы артып, атыраулықтар мен басқа да облыстардағы емделушілерді сол емдеу орындарына жіберіп, сырқатынан айығып шығуларына көмегін көрсете бастады. Оның үстіне аталған компания – еліміздегі өзге компанияларға қарағанда медицинадағы туризмді алғашқы дамытушылар.

Компания директоры Роза Бекенованың айтуынша, аймақ тұрғындарының шекара асып, өзі қалаған шетелдерге барып емделуіне толық мүмкіндіктері бар.    Егер бұрында  емделушілер Ресей, Израиль, Германияға барып емделіп келсе бүгінде олардың қатарына Түркия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Испания, Индия, Франция елдері қосылды.

– Алыс, жақын шетелдерде болып жүрмін, соның ішінде, Оңтүстік Кореяға жиі барып тұрамын. Бұл ел – өзінің туристік көрікті орындарымен белгілі. Жазғы және қысқы демалыс орындарымен, медициналық сервистік биік деңгейімен, медицинасы жоғары дамуымен әлемге әйгілі. Содан да кәріс дәрігерлері жоғары деңгейдегі элита деп бекер айтылмаған, — дейді Роза ханым.

Ерекше бір айтар жайт, мұнда монитордан 20 еселік үлкейтілген көмегімен дәрігерлер хирургиялық оталар жасай алады. Осы әдіс қатерлі ісік ауруларын хирургиялық жолмен емдеуде өте тиімді, ал, басты қалқанша бездерді ота жасауда көзге көрінбейтін кескінмен жасайды. Бұл елде пластикалық ота жасауда корей дәрігерлерінің іс-тәжірибесі жоғары, ешқандай отаның ізі, тыртығы қалмайды. Оңтүстік Кореяның медицинасының ерекшелігі – роботтық тәсілмен жасалған оталардың сапалығы. Онда адам денесінде кескінділер көп болмайды. Мәселен, Кибер-Нож жүйесі негізінде онкологиялық қатерлі ісікті дәл тауып, анықтайды. Бұдан соң сол жерді қажетінше сәуле арқылы емдеп жазуға мүмкіндік бар. Осы мақсатта Сун Чон Хиян клиникасының онколог-дәрігерлері 2012 жылдан бері Атырауға келіп, «Қайырымдылық» акциясын өткізуді, қатерлі ісік аурулары бар науқасқа кеңес беруді дәстүрге айналдырған. Ал, Часэн клиникасынан есімі дүние жүзіне белгілі профессор Шин бастаған бір топ дәрігер келіп, омыртқа, тізе, буын ауруларына шалдыққан адамдарлы инемен емдеу, массаж жасау арқылы аяқтарынан тұрғызып жібергені көпшілікке мәлім..Былтыр Атырауға Оңтүстік Кореяның  дәрігерлері келіп, жергілікті тұрғындарға ақысыз кеңестер берген еді.

Қазіргі кезде туристік агенттіктер дәрігерлік туризмді дамыту мақсатында жаңа үлгіде жұмыс жасауда. Егер бұрын клиникалық емхананың іздеп табу қызметі үшін азаматтардан белгілі бір мөлшерде төлемақы алып келсе, қазір бұл қызмет тегін көрсетіледі. Бұл туристік агенттіктерге толықтай сеніп, шетел аумағына нық сеніммен ұйымдасқан түрде бару мақсатында енгізілген. Егер клиент дербес немесе туристік агенттік арқылы клиникаға баратын болса, онда емдеу ақысы да бірдей.  Ал, агенттік клиникадан медициналық қызметті атқарғаны үшін белгілі бір мөлшерде бонус алады. Бұл қызмет медициналық қызмет көрсету құнына еш әсерін тигізбейді. Осы ретте компанияның менеджерлері Жанар Рахымғалиева, Мая Цой, Кристина Лозакак, Ерке Саламатова, Гүлнәр Төретаевалар емделушілермен интернет желісімен немесе телефон арқылы байланысып, оларды толғандырған мәселелерінің  жедел түрде шешілуіне көмектеседі.

Компания жұмыс істеген жеті жыл ішінде алыс- жақын шетелдерге қатерлі ісік, қант диабеті, қалқанша безі, буын, жүрек, басқа да ауруларға  шалдыққан науқастарды емдеуге жіберіп, емделіп шығуларына ықпал етті. Олардың арасында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» дәрігерлік орталығы «Планета» кз компаниясымен бірлесіп, жүрекке ота жасау мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырып келеді. Акция аясында «Туа біткен жүрек ауруы» диагнозымен атыраудық кішкентай бүлдірішін Данияр Ибрагимовке сәтті ота жасалды. Жүрек сырқатына  шалдыққан мақаттық Фатима Сәлімжанова, пластикалық  тәсілмен таңдай салдыртқан Альмира Рысмағамбетованың ата-аналары, өзге де емделушілердің компания сайытында, оның  директоры Роза Әбілмәжінқызының ізгілікті көмегі үшін айтып жатқан алғыстары аз емес.

-Сырқат жандардың мұң шалған көңіліне үміт отын ұялату жолында азды-көпті еңбегіміз бағаланып жатса, бізге одан артық мадақтың керегі бола қоймас, — дейді Роза шуақты жүзі күлімсіреп.

                       Ғайнолла ЗИНУЛЛИН,

                      Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.