Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының «Құпия пациент» акциясы өңірлердегі МӘМС жүйесі жайлы  жақсы білетін медициналық ұйымдарды анықтады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тамыз айында еліміз бойынша 700-ден астам медициналық ұйымдарда, ал Атырау облысы бойынша 20 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына «Құпия пациент» акциясын өткізді.

Қорға соңғы кездері шілде айында жеңілдік берілген кезең аяқталғаннан кейін медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындар тарапынан медициналық мекемелерде қызметтерді, тіпті Қазақстанда тұрып жатқан әр бір адамға қол жетімді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетіне кіретін қызметтерді де ұсынудан бас тартып отырғандығы туралы шағымдар көбейіп кеткені белгілі болып отыр.

Сондықтан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тіркеу орны (регистрация) мамандары мен медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС пен ТМККК пакетіне кіретін медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ пациенттердің сақтандырылу мәртебесі туралы білімдеріне мониторинг жүргізуге бастама жасаған болатын.

Акция филиалдың арнайы дайындалған сарапшыларымен медициналық ұйымдарға қоңырау шалу арқылы өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша «№3 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК (84,2%), «№1 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК (78,9%) және «Медикер Жайык» Филиал «Qamqor QP2» ЖШС (73,6%) ұйымдарының медицина қызметкерлері ең жоғары білім деңгейін көрсетті.

«Нәтижелер медицина қызметкерлерінің білімін күшейту және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қандай да бір жазалау шаралары үшін емес, медицина қызметкерлерін атаулы оқытуға негіз болады» деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С.Құралбек.

Сарапшылар анықтаған кемшіліктер: кейбір медицина қызметкерлерінің МӘМС пен ТМККК пакеттерінің арасындағы айырмашылықтарды анық түсінбеуі, жарналар мен аударымдарға қатысты дұрыс емес жауаптар, төлем тәсілдері, дербес төлеуші мен БЖТ төлеуші арасындағы төлем айырмашылықтарын түсінбеуі, сақтандырудың мәртебесі және ол болмаған кезде медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 556092, 8/7122/ 556 084.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.