Өткен айда еліміз бойынша Медициналық сақтандыру қорына 499 млрд теңгеден астам жарна түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 499 млрд  777 млн. теңгені құрады.

Оның 399,8 млрд теңгесі (шамамен 94,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 98,9 млрд теңге (5,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

«2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында жинақталған Атырау облысы бойынша жарнаның жалпы сомасы 29 млрд 997 млн теңгені құрап отыр. Оның 24 млрд 941 млн теңгесі (шамамен 96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 5 млрд 056 млн. теңге (3,6% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі» – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С. Құралбек.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Бірыңғай орталық  – 1406