FlyArystan әуекомпаниясы 2,5 миллионнан астам орынды 2021 жылдың көктем-жаз мезгілдері саяхаттарына сата бастағанын қуана хабарлайды. Оған қоса бағдарлар желісіндегі бағыттар санын 20-дан 34-ке дейін көбейтіп, қыс мезгіліне хабарлауды тоқтатқан 9 бағыт бойынша қайта қатынай бастайтыны туралы мәлімдейді:

 

  • Алматы-Ақтау-Алматы 12 999тг* тг бастап

(05.03 бастап жм, жк күндері – келешекте саны көбеймек)

  • Шымкент-Қарағанды-Шымкент 6999 тг* бастап

(18.03 бастап сс, бс, жк күндері)

  • Шымкент-Қостанай-Шымкент 7999 тг* бастап

(19.03 бастап дс, жм күндері – келешекте саны көбеймек)

  • Атырау-Қызылорда-Атырау 6999 тг* бастап

(19.03 бастап жм, жк күндері – келешекте саны көбеймек)

  • Шымкент-Павлодар-Шымкент 7999 тг* бастап

(20.03 бастап ср, сб күндері)

  • Алматы-Қызылорда-Алматы 6999 тг* бастап

(28.03 бастап  дс, ср, жм, жк күндері)

  • Алматы-Орал-Алматы 12 999 тг* бастап

(28.03 бастап күнделікті)

  • Нұр-Сұлтан-Актау-Нұр-Сұлтан 9999 тг* бастап

(29.03 бастап күнделікті)

  • Алматы-Көкшетау-Алматы 8999 тг* бастап

(30.03 бастап сс, бс, сб күндері)

Орындар санының 2,5 есеге артуы, биыл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда әуе флотының 4 ұшақтан 8 ұшаққа дейін ұлғаюы арқасында мүмкін болып отырғанын айта кеткен жөн.

«2020 жылдың наурызында әуе паркімізге сегізінші ұшақтың келуімен бағдарлар кестесін 34-ке дейін кеңейту мүмкіндігі туындап отыр. Орындалып жүрген рейстермен қатар, күз-қыс мезгілінде тоқтатылған 9 бағыт қайта жандандырылады. Сонымен қатар жақын арада жаңа рейстер туралы хабармен де бөлісетін боламыз, сол себепті жаңалықтарымыздан құр қалмаңыздар. Билеттер FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді», – деп бөлісті әуекомпанияның коммерциялық директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, көктем-жаз мезгіліне билеттер 2021ж. 30 қазанына дейінгі сапарларына қолжетімді. Яғни, арзан бағалы билеттерді қазірден бастап брондап, саяхатты бірнеше ай бұрын жоспарлаған абзал. Себебі ұшу уақыты жақындаған сайын, минималды тарифті орындар саны азая түседі.

*Біржақты билет құны 5 кг-дық (56*23*36 см) бір дана қолжүгі мен кездейсоқ орынды қамтиды.

 

FlyArystan – Қазақстан мен Еуразияның алғашқы лоукостері. Бірінші сапары 2019 жылы мамырда орындалған болатын. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар және де олар күнделікті 50-ден астам рейстерді орындайды. Лоукостердің жетінші лайнері бюджеттік әуетасымалдаушы әуе паркіне 2020 жылдың қазанында қосылған болатын. FlyArystan – Air Astana әуекомпаниясының еншілес компаниясы.

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді?

Арзан билетті қалай табуға болады?

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады?

 

 

 

 

FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com