17 жасар қыз бала облыс орталығына шалғай ауылдан келді. Бірақ ол қыдырып, қонақ болып, көрмелер аралау үшін келген жоқ еді. Он жыл бойы қызды мұрын қуысының ауруы мазалайтын. Дерттің асқынғандығы соншалық тіпті мұрынмен тыныс алу мүмкін болмай қалды. Тек ауызбен ғана ауа жұтып, басы қатты ауыра беретін болды. Көшеге шығудан мүлдем қалды. Отбасы тыныштықты жоғалтты.

Учаскелік дәрігердің ұсынымдары, жеке меншік клиникаларда тағайындалған мұрынды жуулар қысқа мерзімде ғана әсер етті. Содан кейін тағы да ауру жаңадан басталды- мұрынға қол тигізу де мүмкін болмады. Соңғы нүктеге жетіп, үміттері үзіле бастаған ата-аналар Атырау облыстық балалар ауруханасына жүгінді.

Анықталғандай, қызда мұрын-жұтқыншақ ісігі бар екен. Оның үстіне ісік өсіп, мұрынның гаймор қуысын толтырып, бет бөлігінің барлық каналдарын жауып тастаған екен. Адамның өкпесіне ауа кірмеген жағдайда, мидың гипоксиясы, құрысулар және қатерсіз ісіктің өзі қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

Жалпы айтқанда қыздың өміріне қауіп төніп тұрды. Тіпті қауіпті болғандығы соншалықты балалар ауруханасының дәрігерлері жоспарлы отаны шұғыл ота санатына ауыстыруларына тура келді. Ота үш сағаттан астам уақытқа ұласып, нәтижесінде оннан үш сантиметрге дейінгі екі ісік алынып тасталды. Ота сәтті аяқталды. Отаны жасаған эндоскопиялық оталардың жаңа мүмкіндіктері бойынша Түркия елінде білімін жетілдіріп келген дәрігер – оториноларинголог Бауыржан Қадырғалиев.

Сырқаттың асқынғандығы соншалықты санаулы сағаттар ішінде шешім қабылдап шұғыл от жасадық – дейді Б. Қадырғалиев.

Қазір қыз өзін жақсы сезінеді, ол ауруханада алаңсыз ұйқысын қандырып, үйіне кетіп бара жатыр. МӘМС жүйесі аясында мүмкін болған бұл шұғыл хирургиялық араласудың құны 426 257 теңгені құрады. Ота қызға тегін жасалды. Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов атап өткендей, еліміз бойынша балалар МӘМС жүйесінде жеңілдік берілетін санаттардың біріне жатады, сондықтан 18 жасқа дейін әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мемлекет есебінен төленеді. Осылайша, барлық балалар сақтандырылған және МӘМС жүйесінде қажетті медициналық көмек тегін алуға құқылы.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1414