Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі болып табылады.

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Егер азаматқа жарна аударылатын болса, ол автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. Осылайша, ең төменгі деңгейде жарналық аударымдар жасай отырып, азамат медициналық қызметтің бүкіл пакетін, оның ішінде қымбат қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алады.

Қор өз кезегінде тиісті талаптарға сәйкес келетін медициналық қызметтер көрсетуші мердігерлермен келісім-шарт жасап, медициналық қызмет сапасын қатаң бақылайды.

МӘМС жүйесіндегі мәртебе туралы 10 маңызды ақпарат

  • Сақтандыру мәртебесінсіз сіз жоспарлы медициналық көмек ала алмайсыз, тар бейінді маманның  қабылдауында бола  алмайсыз немесе тексеруден өте алмайсыз.
  • Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді бірнеше тәсілмен тексеруге болады: fms.kz. сайтында, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе eGov.kz жеке кабинетте ЖСН нөмірі бойынша.
  • МӘМС төлемдері бойынша 12 айға толық үзінді көшірмені Телеграмдағы Saqtandyrubot арқылы алуға болады. «Сақтандырылу мәртебесін анықтау»  тармағын таңдап, ЖСН енгізу қажет.
  • МӘМС-ға төлем жасағаннан кейін мәртебе бірден өзгермейді, бірақ 3 жұмыс күні ішінде өзгереді. Медициналық ұйымға барар алдында міндетті түрде  мәртебені  қайта тексеру қажет.
  • Сақтандырылу мәртебесі соңғы төлем жасалғаннан кейін тағы 3 ай бойы сақталады. Алайда, бірінші мүмкіндік болған жағдайда, 3 ай өткеннен кейін мәртебесін жоғалтпау үшін осы кезең үшін жарна төлеу қажет болады.
  • Сақтандыру мәртебесін алу үшін соңғы 12 ай бойы төлемдерді жүйелі түрде жүргізу қажет. Егер кем дегенде бір айды  өткізіп алса, мәртебе берілмейді.
  • Тек өзін-өзі жұмыспен қамтыған БЖТ төлеушілер ғана ерекшелік болып табылады.
  • Бірыңғай жиынтық төлемді қатарынан 3 ай бойы төлеген кезде тұрақты мәртебе үшінші айға беріледі және одан әрі тұрақты төлемдер болған жағдайда сақталады.
  • Кейбір Қазақстандықтарда сақтандырылудың жеңілдікті мәртебесін алу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда 15 жеңілдік санаты қарастырылған, олар үшін МӘМС-ға мемлекет аударымдар жасайды. Бұл туралы толығырақ ақпаратты біздің алдыңғы жазбаларымыздан таба аласыз.
  • Жеңілдік санаттарының бірі-жүкті әйелдер. Жүктілік бойынша мәртебесі болмаған жағдайда оларды учаскелік терапевт немесе жалпы практика дәрігері есепке қояды.
  • Егер Сіз БЖТ төлеуді тоқтатсаңыз немесе жеңілдікті санаттар тізімінен шықсаңыз, МӘМС жарналарын өз бетіңізше аударуды жалғастыра аласыз. Бірақ мәртебе алу үшін Сіз үзінді көшірмені тексеріп, бұрын өткізіп алған барлық айлар үшін ақы төлеуіңіз керек.

Исатай аудандық ауруханасы бойынша 2023 жылдың 4 айдың қортындысымен МӘМС бойынша 17727 адам ем алған, әйелдер – 95286 ерлер – 8199 оның ішінде: Амбулаториялық жағдайдағы медициналық көмек (ауруларды диагностикалау және емдеу), профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;

  • МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың қабылдауы және консультациясы;
  • бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;
  • халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
  • тізбеге сәйкес диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
  • тізбе бойынша басқа рәсімдер мен манипуляциялар;
  • стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда  медициналық көмек; сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационардың қызметтері.
  • Медициналық оңалту.

МӘМС бойынша порталға салынып квотамен Астана қаласынан 23 науқас, Алматы қаласынан 2 науқас ем қабылдаған. Сонымен қатар МӘМС бойынша порталмен 141 адам ауруханаларға жатқызылып емделіп шыққан. Реабилитациялық емдеуге 39 науқас жіберілген, оның Ақтөбе қаласына – 6 адам, Костанай қаласына- 10 адам, Атырау каласына – 1 адам ем қабылдауға жіберілген. Атырау облыстық ауруханасы, OREON, INVIVO, атырау облыстық балалар ауруханасы мекемелері арқылы, МӘМС бойынша МРТ, КТ аппараттарына барлығы барлығы 316 адам түскен.

 

Исатай ауданында жалпы халық саны- 24512,оның ішінде 18 жасқа дейінгі бала саны – 9562. Ресми ақпарат бойынша сақтандырылмаған азаматтар саны – 2974.

Аудан бойынша жалпы тәжірибелік мейірбикелер халықтың көп жиналатын жерлеріне,такси тұрақтарына,жәрмеңкеге ұйымдастырылған жерлерге,жеке кәсіпкерлерге,сауда орталықтарына және жеке үйлерге барып МЭМС бойынша ақпараттар тарату үрдіске айналған.Аудандық ауруханаға қарасты  дәрігер мамандар халық арасында,мекемелерге барып түсінік жұмысын жүргізу бағытында кесте жасақталып, бұйрықпен бекітілген. Ол жөнінде фотоесептер мен ақпараттарын тапсырып отырады.

Жыл басынан бері 2 тікелей эфир өтті және 3 рет аудандық Нарын таңы газетіне мақала шығарылды.

Облыс әкімінің орынбасары Ж. Бисенбиевпен бекітілген Медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру және ақпараттық қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспары, жол картасын орындау мақсатында аурухана қызметкерлерімен төмендегідей жұмыстар атқарылуда:

  1. Медицина қызметкерлері арасында МӘМС жөнінде оқыту жүргізіліп, жекелеген маман дәрігерлер мен мейірбикелердің азаматтар арасында түсінік жұмысын жүргізуге жауапты қызметкерлер тағайындалып, өткізетін орындары нақтыланды.
  2. Сақтандырылмаған азаматтардың нақты тізімі бойынша телімдік дәрігерлер мен мейірбикелер үйлеріне барып түсінік жұмыстарын жүргізіп отырады және сақтандырылмаған азаматтардың хабардар екендігі жөнінде тізімге белгі қойылуда.
  3. Атқарылатын жұмыстар бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, қоғамдық орындар қызметкерлері,жеке жұмыс берушілер мен жұмысшылар араларында кездесулер өткізіліп МӘМС жүйесінде сақтандыру маңыздылығы,азаматтардың құқықтары туралы түсінік жұмыстары жүргізілуде.
  4. Пациенттерді қолдау жұмысын жүзеге асыру мақсатында арнайы мейірбике тағайындалып,емханаға келуші тұрғындармен мобильдік қосымшаларды қолдану, емханаға тіркелу және МӘМС артықшылықтары туралы түсінік жұмыстары жүргізілуде.
  5. Жоғарыда аталған іс-шаралар әлеуметтік желі ақпараттық құралдарына жүктеліп,жазбаша түсінік берілуде.

Қабылдау бөлімінің қызметкерлері  емханаға келген тұрғындарға сақтандыру мәртебесін қалай қарау керектігін және сақтандырылмаған жағдайда қандай төлемдер жүргізілетінін, мобильдік қосымшаларды қалай қолдану керектігін үйретіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

Бекболат Қуанышев,

Исатай аудандық ауруханасы директоры міндетін атқарушы