Қазақтың игі дәстүрі бойынша Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салтанатты рәсім шашумен басталып, «Шелл» мұнай-газ компаниясы орнатқан күн станциясының дисплейінде алғашқы сандар жүгірді
Атырау қаласындағы NIS-те «Шелл» мұнай-газ компаниясы орнатқан күн станциясы пайдалануға берілді. Бұл NIS пен Шелл арасындағы «Күн энергиясы – мектептерге» бірлескен жобасының төртінші фотоэлектрлік жүйесі.
2018 жылдың мамыр айында Астана экономикалық форумы шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және «Шелл» компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды, оның басты мақсаты «Күн энергиясы – мектептерге» пилоттық жобасын іске асыру болып табылады.
Жобаның ресми түрде ашылуы 2018 жылы 1 желтоқсанда NIS-тің 10 жылдығын тойлау аясында Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өтті.
Қазіргі уақытта күн фотоэлектр жүйелері Нұр-Сұлтан, Ақтау және Орал қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінде орнатылған. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы жаңа Зияткерлік мектепте күн станциясының құрылысы жоспарлануда.
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында күн панельдерінің құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталды. Электр станциясының жалпы ұзындығы 73 метр болса, алдыңғы биіктігі 4 метрге жетеді. Күн батареяларының тіректері 13 блогқа бөлінген, олардың арасында спорттық іс-шаралар кезінде көрермендерге ыңғайлы болу үшін екі сатылы трибуналар орнатылған. Күн жүйесі мектептің жылдық энергия шығынын 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
«Күн энергиясы – мектептерге» жобасы жасыл экономикаға біртіндеп көшуге және парниктік газдарды қысқартуға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың нақты ғылымдарды (STEM) зерттеуге қызығушылығын арттыру және олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады.
Күн станциясын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова, Қазақстандағы «Шелл» концернінің аға вице-президенті және төрағасы Херман Бурмейстер іске қосты.
– «Күн энергиясы – мектептерге» – бұл экологиялық және білім беру жобасы, ол жасыл экономиканы кеңейтуге, жаңартылатын энергия көздерін енгізуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және STEM-білім беруді дамытуға бағытталған. Жобаны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ энергетикалық және білім беру компанияларының табысты ынтымақтастығының үлгісі деп атауға болады, – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова.
Қазақстандағы «Шелл» концернінің аға вице-президенті және төрағасы Херман Бурмейстер NIS-тің жоғары сынып оқушыларымен кездесуі барысында жаңартылатын энергия көздері мен күн станцияларын енгізудегі басымдықтар талқыланды. Оқушыларды беделді энергетикалық концерннің кәсіби ғана емес, өмірлік тарихы да қызықтырды. Балалар нано және биотехнология саласындағы ғылыми жетістіктері мен жаңа өнертабыстарын таныстырды, әсіресе экологиялық бағыттағы пластмасса және өсімдік қалдықтарын қайта өңдеу жобаларын ұсынды.
Қазақстандағы «Шелл» концернінің аға вице-президенті және төрағасы Герман Бурмейстер өз сөзінде:
– Ширек ғасырдан астам уақыт бойы «Шелл» Қазақстандағы энергетикалық жобаларға инвестиция салып келеді. Қазіргі кезде біз баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуіне жәрдемдесу үшін күш-жігерімізді салып жатырмыз. Сондай-ақ бұл жоба жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақстандық компаниялардың мүмкіндіктерін жақсарта отырып, отандық шағын және орта бизнестің әлеуетін арттырады.
Херман Бурмейстердің бастамасымен футболдан жолдастық матч басталды, ал алғашқы көрермендер күн панельдерінің астындағы жаңа трибунада жанкүйер болды.