Отандық лоукостер жаңа және жандандырылған 10 бағыт бойынша билеттерді 4999 теңгеден науқандық сатылымын бастады.

Арзан билеттер төмендегі бағыттар бойынша ұсынылады:

  • Алматы – Көкшетау – Алматы (29 наурыздан бастап*)
  • Ақтау – Қызылорда – Ақтау (17 наурыздан бастап*)
  • Атырау – Қызылорда – Атырау (19 наурыздан бастап*)
  • Атырау – Түркістан – Атырау (28 наурыздан бастап*)
  • Шымкент – Қостанай – Шымкент (19 наурыздан бастап *)
  • Шымкент – Қарағанды – Шымкент (18 наурыздан бастап *)
  • Шымкент – Павлодар – Шымкент (20 наурыздан бастап*)
  • Шымкент – Ақтөбе – Шымкент (1 мамырдан бастап*)
  • Шымкент – Орал – Шымкент (1 мамырдан бастап*)
  • Шымкент – Семей – Шымкент (1мамырдан бастап *)

Науқан мерзімі: 22-25 ақпанға аралығы.

Мапар мерзімі: 2021 ж. 19 наурыз бен 31 мамыр аралығы.

Естеріңізге сала кетсек, бағдарлар кестесінің кеңеюі әуе флотқа қосылатын сегізінші Airbus A320 ұшағының арқасында мүмкін болмақ.

Лоукостердің кезекті науқаны қазақтандықтарды арзан билеттермен қуанту мақсатында жылына бірнеше рет ұсынылады. Сонымен қатар тиімді ұсыныстар әуетасымалдаушының мобильдік қосымшасы арқылы ұсынылатынын ескерген жөн. Қосымша IOS және Android пайдалуанушыларына қолжетімді.

Науқандық баға 5 кг (56*23*36 см) аспайтын бір дана қолжүгі мен кездейсоқ орынды қамтиды. Жолжүк, қалаған орын мен өзге де қосымша қызметтерді билет алу барысында, билет алғаннан кейін және сапардан 2 сағат бұрын FlyArystan мобильдік қосымшасы немесе ресми сайты арқылы алуға болады.

 

FlyArystan – Қазақстан мен Еуразияның алғашқы лоукостері. Бірінші сапары 2019 жылы мамырда орындалған болатын. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар және де олар күнделікті 50-ден астам рейстерді орындайды. Лоукостердің жетінші лайнері бюджеттік әуетасымалдаушы әуе паркіне 2020 жылдың қазанында қосылған болатын. FlyArystan – Air Astana әуекомпаниясының еншілес компаниясы.

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді?

Арзан билетті қалай табуға болады?

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады?

 

 

 

 FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com