FlyArystan қарқынды дамуын жалғастырып, Airbus A320 ұшақтарынан тұратын әуе паркін 8-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жаңа ұшақтың келуі, лоукостер алғашқы болып ұсына бастаған төмен тарифтерге деген жоғары сұраныс арқасында туындаған мүмкіндік.  Әуе флоттың ұлғаюы арқасында FlyArystan бағдарлар кестесін кеңейтіп, жаңа 5 бағытты ашып, халыққа ел ішінде қолжетімді бағамен одан да көп қатынауға зор мүмкіндік туғызып отыр.

Жаңа уникалды бағыттарға билеттер құны 7999 тг* басталады, бүгіннен бастап олар мобильді қосымша мен flyarystan.com сайтында қолжетімді:

 

  • Ақтау-Қызылорда-Ақтау 7999тг* бастап (17 наурыздан бастап ср, жк күндері)
  • Атырау-Түркістан-Атырау 8999 тг* бастап (28 наурыздан бастап жм, жк  күндері)
  • Шымкент-Орал-Шымкент 10 999 тг* бастап (1 мамырдан бастап сс, бс, сб күндері)
  • Шымкент-Ақтөбе-Шымкент 8999 тг* бастап (1 мамырдан бастап сс, бс, жк күндері)
  • Шымкент-Семей-Шымкент 7999 тг* бастап (2 мамырдан бастап дс, ср, жк күндері)

 

Әуекомпанияның коммерциялық директорының ойынша, FlyArystan – еліміздің алғашқы лоукостері бола отыра, әуенарықтың трендсеттері болып келеді. «FlyArystan пайда болғалы саяхат қолжетімді, қызмет түрлерінің таңдауы кең, ал флот ұлғаюымен бірге жаңа аймақтық әуе сапарлар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арқылы емес, тікелей орындала бастады», – деп ойымен бөлісті Жанар Жайлауова.

«Бұдын былай Түркістанға екі астана тұрғындарымен қатар атыраулықтар да тез жете алады. Ал Шымкенттен Орал немесе Семейге 2 сағаттан кем уақытта ұшуға болады. Сонымен қатар Қызылорда тұрғындары авто немесе пойыз арқылы емес, жайлы Airbus A320 лайнерлерімен аптасына екі рет жылдам ұшып бару мүмкіндігіне ие болды.», – деп ойын тәмамдады компания басшысы.

Осыдан бірер күн бұрын лоукостер наурыз-қазан айлары аралығында орындалатын рейстерге билеттер сатылымын ашып, COVID-шектеулері салдарынан тоқтатуға мәжбүр болған 9 бағытын қайта жандандырды. Осылайша, бүгінгі күні жолаушыларға 34 бағыт бойынша әуеқатынастар ұсынылады.

*Біржақты билет құны 5 кг (56*23*36 см) аспайтын бір дана қолжүгі мен кездейсоқ орынды қамтиды..

 

FlyArystan – Қазақстан мен Еуразияның алғашқы лоукостері. Бірінші сапары 2019 жылы мамырда орындалған болатын. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар және де олар күнделікті 50-ден астам рейстерді орындайды. Лоукостердің жетінші лайнері бюджеттік әуетасымалдаушы әуе паркіне 2020 жылдың қазанында қосылған болатын. FlyArystan – Air Astana әуекомпаниясының еншілес компаниясы.

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді?

Арзан билетті қалай табуға болады?

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады?

 

 

FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com

Суретті түсірген Максим Морозов