Қазақстанның FlyArystan лоукостері өткен дылғы қорытындыларымен бөлісуді жалғастырып, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында барлық рейстердің 91% ОТР (on-time perfomance) көрсеткіштеріне сәйкес уақытылы орындағанын хабарлайды. Қолайсыз ауа-райы салдарынан желтоқсан айында сапарлардың уақытылы орындалуы 85% дейін жетіп, қараша айында бұл коэффициент 95% құрағанын атап кеткен жөн.

«Өткен 2020 жылы FlyArystan 9814 рейсті орындап, 1,5 млн астам жолауышыны тасымалдап үлгерген екен. Соның 8930 рейсі дәлдік нормаларына сәйкес ұшырылған», – деп ақпаратпен бөлісті ұшу өндірісін басқару жөніндегі директоры Бердіхан Ағмұров. «Кейбір әуежайлардағы қолайсыз ауа-райы ОТР көрсеткіштеріне кері әсерін тигізді. Қатты қыстау кезінде де FlyArystan-ның жұмысшылары жолаушылар алдында міндеттемелерін толықтай орындауға тырысады», – деп жалғастырды компания директоры.

“FlyArystan басқа әуекомпанияларды да бізден үлгі алып, ОТР көрсеткіштерімен ашық бөлісуге шақырады. Осылайша адамдар компания нәтижелерін бақылап, әуеоператорды таңдауға мүмкіндік беретініне сенімді. ОТР-дің жоғары нәтижелерін көрсету мақсатында, FlyArystan күшін қауіпсіз ұшақтарға, жаңа технологиялық жүйелерге және халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу үшін жұмсайды», – деп ойын тәмамдады Бердіхан Ағмұров.

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық тәжірибеге сай рейстерді уақытылы орындау көрсеткішінің орташа коэффициенті 85% құрайды екен. Бұл есепке кешігудің барлық түрлері жатқызылады – қолайсыз ауа-райы, ауа қозғалысын басқару және басқасы.

FlyArystan – Қазақстан мен Еуразияның алғашқы лоукостері. Бірінші сапары 2019 жылы мамырда орындалған болатын. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар және де олар күнделікті 50-ден астам рейстерді орындайды. Лоукостердің жетінші лайнері бюджеттік әуетасымалдаушы әуе паркіне 2020 жылдың қазанында қосылған болатын. FlyArystan – Air Astana әуекомпаниясының еншілес компаниясы.

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді?

Арзан билетті қалай табуға болады?

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады?

 

 

 

FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com