Атырау облыстық офтальмология ауруханасына 2022 жылдың наурыз айында катаракта диагнозымен 1956 жылы туылған науқас келіп түседі. Оған ИОЛ  имплантациясымен катарактаны факоэмульсификация отасы жасалған. Отадан кейін науқастың көз көру қабілеті 100 пайыз қалпына келді. Науқас МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлға болғандықтан бұл ота оған тегін жасалынды. Отаның жалпы құны – 255631.25 тенгені құрайды.

Ағымдағы 2022 жыл бойына Атырау облыстық офтальмология ауруханасында барлығы 158 оталар  жасалған. Оның ішінде катаракта диагнозымен 92 ота сәтті жасалынып шыққан..

«Катаракта бұл әсіресе егде жастағы адамдарға тән патология. Линза жартылай бұлыңғыр болады. Жоғалған мөлдірлік адамға қалыпты көруге мүмкіндік бермейді. Өйткені көзге енетін жарық сәулелері қабылданбайды. Осындай өзгерістің әсерінен қоршаған ортаны қабылдау біртіндеп өзінің айқындылығын жоғалтады, сурет барған сайын бұлыңғыр болады. Егер сіз емдеу процедураларын уақытында бастамасаңыз, онда соқырлықтың ықтималдығы жоғары болады» — деп түсіндірді облыстық офтальмология ауруханасының бас дәрігері Мұрат Құсайынов.

Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасы 50 орынға есептелген, оның ішінде ересектер — 40, балалар — 10, күндізгі стационар — 10 төсек орын. Ересек микрохирургиялық-30; Терапиялық -10. Балалар — 10. Аурухана мамандары медициналық-профилактикалық жұмыспен айналысады, диагностикалау және хирургиялық араласу әдістеріне ие, сондай-ақ жоспарлы және шұғыл көмек көрсетуді жүзеге асырады. Офтальмологиялық ауруханада консультациялық-диагностикалық медициналық көмек заманауи жабдықпен жабдықталған.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406