Бұдан бұрын да Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтар үшін Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы іске қосқандығы туралы хабардар еткен болатын. Qoldau-24/7 қосымшасын Play Market пен App Store-дан жүктеуге болады.

«Кері байланыстың бұл түрі қазір үлкен сұранысқа ие, өйткені көптеген адамдарға 1406 байланыс орталығына қоңырау шалып, операторға сұрақ түсіндіруден гөрі жолданымды электронды түрде қалдыру ыңғайлы. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 қосымшасы – азаматтардың өтініштерін өңдеу жүйесіндегі  кері байланысты қамтамасыз ететін ең тиімді тәсіл. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер, шағымдар тіпті алғыстардың өзі  өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен шағымдарға мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен, 1406 бірыңғай байланыс орталығы 24/7/365 тәртібі бойынша жұмыс істейді. Жолданымдарды өңдейтін үш деңгейлі жүйе әзірленді. Қоңыраулардың 97,4% бірінші деңгейде жабылады. Қалғаны бейінді департаменттерге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: 8/7122/ 556 084, 8/7122/ 556 092.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.