Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентіндегі мәдениет үйінде қазақ әдебиетінің көрнекті жазушылары, Мемлекеттік сыйлық иегерлері Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың құрметіне рухани-мәдени шара өтті.  

Қазақ қаламгерлеріне арнап ән жазған қазақ ақын-сазгерлерінің шығармасы «Маңғыстау» телеарнасындағы «Сөз бен саз» бағдарламасының кезекті республикалық ХХVІІ «Телқоңырға арналған төл әуендер» атты ән кешінде орындалды.

Екі абыздың 80 жылдығы аясында өткен кешке Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау қалаларындағы сазгерлер және әнші Роза Әлқожа қатынасты.

Айтулы шарада Светқали Нұржанның Әбішке арнаған «Мадақ жырын» Қызан ауылының тұрғыны Бейбіт Досқожаұлы, Бақтыбай Жайлау мен Бердібек Дүйсеновтің Ә.Кекілбаевқа арналған жырларын авторлары нақышына келтіре оқыды.

Ақын-сазгерлер мен өнер көрсеткен әншілерге аудан әкімі Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы өз ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Үш күн бойы Маңғыстаудың қараойында республика бойынша халықаралық дәрежеде тойланған адамзаттың руханиятына Алаштың қосқан абызы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы әсем әндермен қорытындыланды.

 Кештің өзгешелігі – бағдарламада бұған дейін тек композиторлар насихатталған болатын. Осы жолы Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарындағы қос әдебиет алыбының атына берілген алты мектептегі Әбіш пен Фариза оқуларының жүлдегерлер оқушылары өнер көрсетті.

 

Бердіхан ӘЛМЕН,

Маңғыстау облысы