Өмірдерек
Қарашин Бекет Мұқанәліұлы 1953 жылы 23 қазанда Атырау обылысы Индер ауданы Аққала ауылында дүниеге келген.
1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, 1974-1979 ж.ж. Қазақстан мемлекеттік университетінің философия және экономика факультетін үздік бітірді.
1979 -1993 жылдары Қарағанды Ішкі Істер министрлігінің Жоғары мекетебінде философия кафедрасының аға мұғалімі болып, Мәскеуде, Таулы Қарабақта, Жаңа Өзенде тыныштық пен тәртіп сақтау істеріне араласып, жауапты да күрделі үкіметтік тапсырмаларды орындаған.
150-ден аса қазақ жырауларының, ақындарының, серілерінің поэзиялық шығармаларын, 20-дан аса көркем прозалық және киносценарийлік туындыларын, қазақтың жүзден аса мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударған. 30-дан астам халықаралық, республикалық әдеби және кәсіби байқаулар мен сыйақылардың иегері:
- Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (Алматы, 2008)
- Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты (Қазақстан, 2003)
- Халықаралық «Новый современник» Жазушылар Одағының мүшесі (Рязань, Россия, 2013)
- Халықаралық Жазушылар Гильдиясының мүшесі; (Sindelfingen, Германия)
- Халықаралық «Поэтическое братство» байқауының лауреаты (Тула, Россия, 2013)
- Халықаралық И. Бунин атындағы «Лёгкое дыхание» конкурсының лауреаты (Cutersloh, Германия, 2010)
- Экологиялық поэзия халықаралық конкурсының лауреаты (Москва, 2010)
- Бірінші ҚР ақындар мен аудармашылар байқауының лауреаты (Астана 2009)
- Халықаралық «Флорида Кон» байқауының лауреаты (Флорида, США, 2011)
- Халықаралық «Златен Кан» байқауының лауреаты (София, Болгария, 2011)
- Халықаралық «Белая скрижаль» сыйлығының лауреаты (Москва, 2010)
- Ұлттық «Халық Батыры» атағының иегері (Алматы, 2011)
- Халықаралық «Литературная Вена» байқауының номиннаты (Вена, Австрия, 2011)
- Халықаралық «Акторна» байқауының номиннаты (Уфа, Россия, 2011)
- Халықаралық «Слово миру» байқауының лауреаты (Рим, Италия, 2012)
- Халықаралық В.Каверина сыйлығының иегері (Псков, Россия, 2012)
- «Русский стиль» байқауының дипломанты («Проза» жанры бойынша) (Германия, 2013)
- «Русский стиль» байқауының «Автор – стильное перо!» атағының иегері «Публицистика, эссеистика» номинациясы бойынша (Германия, 2013)
- «Индер ауданының құрметті азаматы» атағының иегері (Қазақстан, 2013)
- Халықаралық «Академик З.Қабдолов» сыйлығының лауреаты (Қазақстан, 2013)
Бекет Мұқанәліұлы «Испытание лука и лиры», «Менің Қазақстаным», «Тюрк и Я», «Скиф и Я», «Слова», «Бейбарс: эпоха и личность», «Махамбет. Жыр-жебе. Стихострелы», «Запоздалые стихи», «Рыцарская поэзия казахских жырау», «Почтение земли – поклон Человеку», «Дороги, раздумья, итоги» және т.б. көптеген кітаптардың авторы.
1993 жылдан бері Атырау қаласындағы, «Алшы» әдеби-тарихи, мәдени қорының төрағасы, «Наргис» ААҚ Бас директоры, «Атырау-Ақпарат» агенттігінің әдеби қызметкері, академик З.Қабдолов атындағы қор директоры. Күні — бүгін шығармашылық еңбегін жалғастыруда.
АДАЛ МЕН ЛАДА
(әңгіме)
Алыс балалық шағымда, көптеген қатар құрдастарым секілді мен де ит асыраумен айналыстым. Әрқашан үйге қаңғыбас иттерді тамақ беруге немесе асырап алуға алып келетінмін.
— Өз әкесінен аумай қалған, барлық жетiм-балаларды бiздiң баспанамыздың астында жинайтын, бұл да қаңғыбас иттерді тасып жүр, — деп күңкілдеп отыратын әжем, менің істеп жүрген қылықтарыма шыдамдылық танытып.
Сол соғыстан кейінгі кезеңде балалар үйі өте көп болатын, бірақ иттерге арналған қабылдау үйлері жоқ болатын. Алайда адамдар ол кезде қазіргіден
мейірімдірек, ұйымшылдау, жанашыр болып келетін, олар өз қанаттарының астына панасыз балалар сияқты үйсiз иттер мен мысықтарды да алатын.
Әрине, бұл халықтық қайырымдылық және мейірімділік соғыстан кейiнгі мезгiлде дүниеге келген біздерге де әсер етпей қоймады. Бiздi иттердің
тектері емес, олардың тағдыры тынышсыздандыратын. Бiз далаға тастаған немесе қаңғыбас топтарда пайда болған жануарларды аяп, ол кезде Құдай азықтың молшылығымен көп ешкімді жарылқай қоймаса да, жем апарып беретінбіз.
Жануарларды қоғамдық қабылдау орындарының жоқтығын үй іші панасы ауыстыратын. Бiздiң әрқайсысымыз үйде бірнеше үй жануарын ұстайтынбыз, жаңадан туылған күшіктерді шын көңiлдерімен көршiлер бір-бірінен асырап алатын. Бiз ол кезде еріктілер деген сөзді білмедік, бiрақ жанымыз, махаббатымыз, риясыздығымыз өз асырандыларымызды сол кездегі ең жақсы күтім және қамқорлықпен қарауға жетелейтін.
Бiрде мен үйге тектері екі түрлі үйсіз күшік-төбеттерді алып келдім. Бiреуi — төбет, ал екіншісі – қаншық болып шықты. Төбетке бірден Адал деп ат қойдым, яғни Адал, Сенімді, Әділ болсын деп, өйткені барық иттердің осындай қасиеттері болатынын білетінмін. Ал екіншісіне ат қоя алмай көп жүрдім. Ол кезде анаграмма немесе палиндром секілді сөзжасамның терминдерін және тәсілдерін білмейтінмін, бірақ екеуін де бірдей әріптерден құрылған немесе байланысқан тығыз және тылсым ат байланыстырып
тұрғанын қаладым. Жерге АДАЛ деген сөзді жаздым және осы сөзден екінші атты шығара бастадым: АЛАД, ДАЛА, ЛАДА. Бірінші нұсқасы ұсқынсыз көрінді, ал міне екіншісінің және үшіншісінің семантикалық мағынасы пайда болды. ДАЛА – дала, жабайы егістік. Әдемі, бірақ үй жануарларына арналмаған. Жабайы далада қасқырлар жортып жүреді, ал ит болса – Жеті Қазына деп аталатын түркілердің үй ырыстарының бірі болып саналады. Ал мынау, Лада деген… ауыз бiрлiк, әндетіп ойнайтын ойынның түрі, құп болады… Мейлі күшiктердi арасында ауыз бiрлiк болсын. Мейлi тату болсын, бiр-бiрiне емес, басқаларға үрсін… Шамамен осындай ойлар мен грамматикалық тәжiрибелер екінші иттің атын ойлап табуға көмектесті, екі иттің аттары екі тілден болды, көршілер Адалды «жігіт» деп, ал Ладаны «красна девица» деп мазақтаса да, олары мені көп алаңдатпады.
Күшіктер дос болып кетті, (мүмкін бір-бірін жақсы көріп қалған шығар) бірден. Бір астаудан ас ішіп, бір- біріне ешқандай ырылдаусыз, бір-біріне денелерімен жабысып, ұйықтайтын, бір-бірін бейiмдiлiк қана емес, қандай да достық немесе махаббат құштарлығы сияқты тығыз байланыспен бір-бірін риясыз жалайтын, аулада қорыққан қаз-үйректердің астан-кестені мен жүнін ұшыра жүгіріп жүретін. Олар барлығын айырылмас — бiр бүтiндей иландырды. Сөйтіп олар ауыз бiрлiкте және үйлесiмде өсіп келе жатты, бiрақ ұрпақ жалғастыратын жасқа дейiн өсiп жетпедi. Бақытсыз жағдай болды.
Сол кезде үйсiз иттерге үнемi қарқынды ату жүргізілетін. Бiрақ бұл санатқа өз баспанасы және иелері бар иттер де жиi тап болатын.- Өлекселерін кiр сабынға жiберетін,- деп түсiндiретін өз балаларына бiлгiш адамдар. Сол кезден бастап бұл сөзді естігеннен бері иесiз иттерді атушыларға әрқашан әлі күнге жойылмай қалған фашистер секілді, ал кiр сабынға — күдiкпен және жеркенішпен қарайтын болдым. Жалғыз тағдыры жайғаспаған және өзіне орын таппай жүргендігіне кінәлі болған бұл мақұлықтардан сабын дайындаудағы бұдан арғы үдерістері және сойып жатқандағы тірі суреттері мен жеркенішті иістерінен, құрбан болған төбеттерге деген аяушылықтан құсқым келетін.
Сөйтіп мен асыраған иттер де атылып кеткен болатын. Ладаны бірден атып түсірген, ал Адал аулаға аунап түсіп құтқарылған болатын. Бірақ бұл құтқарылғаны оның ажалының басы екен. Адалдың Ладаға деген берілгендігі сондай терең әрі мықты сезімнен тұратын болып шықты, төбет немқұрайлылық пен қимылсыздық күйіне түсті. Ол күнімен қай жерге серіктесінің исі көбірек сіңсе, сол орынға бос жататын болды, мен отбасымыздың дастарханындағы ең жақсы деген тамақты апарып берсем де, ол ас ішуден қалды. Оның көздерінде зарлы ауру тұрды. Оның мұздай қатқан сағынышын еріткісі келіп, жылы сөздерімен оны еркелетіп қорғаштағандарына немқұрайлы болды. Оның азап-шеріне қарау адам төзгісіз еді, мүмкін емес. Оның өмiрлiк күшi мен сау ағзасы көз алдымызда жойылып бара жатқанын көре отырып, ерiксiз жылап жіберетін едім. Бұл барлық жағдай бiрнеше тәулiкке ғана созылды. Әлде ол сүйiктiсiнiң күтпеген жерден пайда болуын күттi ме, әлде өлiмнiң қатал мағынасын түсiндi ме, әлде өз өмiрi мен өлiмін онымен мәңгі байланыстырғысы келді ме екен. Мүмкін осындай ойлар мен сезімдер ит болса да оның басында топтасып жатқан шығар. Бір күні ит жоқ болып кетті. Жоғалды!
«Жақсы ит өз өлiмін көрсетпейді», — дейтін өмір көрген адамдар. Адал өз атына лайық болды, өз өмiрінің ақырына дейiн өз Ладасына адал, шын берiлген және ғашық күйде қалды.