Соңғы уақытта елімізде алаяқтық деректері көп тіркеліп жатыр. Алаяқтар ірі компаниялардың ресми сайттарына ұқсайтын жалған сайттарды қолдан  жасауды әдетке айналдырды. Халықтың көпшілігі өз банк карталарының деректерін және SMS кодтарды енгізіп жатады, бірақ артынша алаяқтар ол мәліметтерді Apple Pay, Samsung Payнемесе Google Pay-ге тіркеп алады. Содан клиенттің картасынан түрлі терминалдан ақша шешіле бастайды. Осындай жағдайлардың көбеюіне байланысты Halyk Bank өкілдері алаяқтардан қалай қорғану керегі туралы айтуды жөн көрді.

Банк өкілдері ақшаңыз бен деректеріңізді қорғау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:

  • Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз және картадеректемелерін ол жерде көрсетпеңіз.
  • Әрқашан деректеріңізді қайда енгізгеніңізді тексеріңіз!
  • Ешкімге, сондай-ақ, банк қызметкерлерінекартаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімін (картаның алдыңғы жағы) және үш таңбалы CVV/CVC кодын (картаның артқы жағы) айтпаңыз.
  • Картаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV/CVC кодын, сондай-ақ «ұтыс ойындары»және «ақша үшін сауалнамалар» жүргізетін сайттардағы SMS-хабарламалардан келген кодты енгізбеңіз.
  • Егер сіз қандай да бір тауарды күтсеңіз, абай болыңыз!Алаяқтар клиенттерді алдау үшінжалған жеткізу қызметтерінің веб-сайттарын оңай жасай алады.
  • Интернет операциялар үшін қосымша картаны пайдаланыңыз. Қаражаттың шектеулі мөлшерінсақтай алатын сандық картаны рәсімдеуді ұсынамыз. Бұл онлайн сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға және негізгіжинақтарыңызды қорғауға көмектеседі.
  • Halyk қосымшасы арқылы интернет операцияларға тыйым салыңыз. Бұл өз кезегінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

 

Сондай-ақ, Halyk өкілдері мұндай алаяқтықәрекеттер 190-бап («Алаяқтық»), 195-бап («Алдаунемесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиянкелтіру») және 247-бап («Заңсыз сыйақы алу») бойынша тиісті жазалармен қылмыстықжауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Halyk әрқашан алаяқтықпен күресудің жолдарын жүзеге асыра отырып, барлық қажетті күштерді салып жатыр. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтуге болады – https://halykbank.kz/security.

Сондай-ақ, шотыңызда күдікті әрекет байқалған жағдайда 7111 нөмірі бойынша банктің колл-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.