Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылғанына 3 жылға жуықтады. Ресми мәлімет бойынша содан бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есеге өсіпті. Десе де реформа жұртшылық тарапынан қызу талқыға түсіп, әрқилы ойлар айтылып жүр. Осы ретте аталған салаға қаражат көлемі артқалы медицина қызметтеріне қолжетімділік жақсарды ма? Сақтандыру қорына қатысты пікірін білмекке Атырау облыстық ауруханасының директоры, Атырау облыстық ауруханасының директоры, денсаулық сақтау ісінің үздігі Ербол Зейноллаұлы Имангалиевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

 

Құрметті Ербол Зейноллаұлы жалпы оқырманға түсінікті болуы үшін өзіңіз басқарып отырған Атырау облыстық ауруханасында қандай медициналық қызметтер көрсетеді соған тоқталып өтсеңіз.

 «Атырау облыстық ауруханасы» өңіріміздегі 400 төсектік клиникалық ауруханасы, күніне 120 адамды жан жақты дәрігерлік көмекпен қамтыйтын емханасы бар, аймақтағы жоғары дәрежедегі медициналық емдеу профилактикалық қызметтерді көрсетіп келе жатқан бас мекеме болып саналады.

2002 жылдан бастап жаңа емдеу корпусы іске қосылды. Хирургиялық корпустың жаңа ғимаратын пайдалануға бергеннен соң аурухананың материалдық техникалық базасы кеңейді. Науқастарды қабылдау бөлімшесі, диагностикалық кабинеттер бар /УЗИ/, рентген, эндоскопия, /ЭКГ/ терапевтер кабинеттері, хирургия, гинекалогия, ем қабылдау, гипс салатын бөлмесі бар ғимаратқа орналасты. 2003 жылдан бері науқастарды қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы жұмыс жасайтын травматологиялық пункт бар. Өзінің оталар жасайтын блогы бар 40 төсектік ірің-проктологиялық хирургия бөлімшесі  қайтадан іске қосылды. 30 төсектік гематология бөлімшесі және 30 төсектік эндокринология бөлімшесі де өзіндік құрылым болып жұмыс жасауда. Қалалық №2 ауруханадан гастроэнтерология бөлімшесі 30 төсектік орынға пульмонологиялық және аллергиялық төсектерімен бірге осында ауыстырылды. Нефрология бөлімшесі гемодиализбен бірге 10 төсектік жаңа корпусқа келіп орналасты, бұрыннан 12 аппараты бар 2 зал жұмыс жасап тұрғандықтан, мұнда жұмыс жасауға барлық жағдай бар. Соңғы үлгідегі диагностикалық аппараттары бар эндоскопиялық бөлімше қайтадан ашылды, сондай ақ нейро-инсульттық 30 төсектік, 10 төсектік күндізгі стационары бар гепотологиялық орталық ашылып жұмыс істеуде.

Ербол Зейноллаұлы Атырау облыстық ауруханасында 2023 жылы жасалып жатырған Жоғары технологиялық оталарға тоқталсаныз?

Атырау  облыстық ауруханасында 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 9 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетулер жасалған. Оларға: «Бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық (толық) эмболизациясы немесе окклюзиясы», «Кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі», «Бел және сакральды омыртқалардың жұлын біріктіруі, бүйірлік көлденең жақындау, дискіні ауыстыру» сияқты қымбат тұратын күрделі оталарды айтуға болады. Бұл оталардың барлығы да МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылған мәртебесін иелентін науқастарға тегін жасалады. 2024 жылға жаңа ота түрлерін енгізуге мамандарымызды дайындап, медициналық мақсаттағы бұйымдарға сұраныс беріп, шығын материалдары алынды. Ағымдағы жылдың 20-24 қараша аралығында «Атырау облыстық ауруханасында» хирургиялық, терапиялық ауруларды эндоскопиялық емдеуде және диагностика жасауда жаңа технологиялар бойынша шеберлік дәрістер өткізілді. Шеберлік дәрісті “Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы” клиникасының маманы эндоскопия бөлімі меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Тусупов Арсен Есенгелдіұлы өткізді. Жедел және созылмалы өт-тас ауруларында, холедохолитиазбен, механикалық сарғаюмен асқынған науқастарға эндоскопиялық ретроградты холангиография операциясы жаңа инновациялық әдістері мен жабдықтарын қолдана отырып, барлығы 6 ота жасалып және де асқазан-ішек жолдарынан қан кетумен келген науқастарға эндоскопиялық гемостаз қолданылды. Шеберлік дәріске Атырау облыстық ауруханасының “Эндоскопия” бөлімшесінің, қалалық емдеу-сауықтыру мекемелері және аудандық ауруханалардың хирург, эндоскопист дәрігерлері қатысты. Игерілген материалдар эндоскопия арқылы хирургиялық емдеудің жаңа әдістерін енгізуге және күнделікті тәжірибеде қолдануға, науқастардың стационарда жату уақытын қырқартып, күрделі хиругиялық оталардан сақтауға мүмкіндік береді.

Ербол Зейноллаұлы өзіңіз басқарып отырған облыстық ауруханада МӘМС жүйесінің арқасында қымбат ем алып немесе  күрделі оталар жасатуға қол жеткізіп жатқан пациенттер туралы ақпараттар бере аласыз ба?

Күні бүгінге дейін МӘМС бойынша 10 айдың қорытындысы бойынша 9552 науқас емделіп шықты, соның ішінде 4920 науқасқа ота жасалынды. Оталар жедел ауруханаға түскен және жоспарлы түрде  түскен пациенттерге МӘМС жүйесі арқылы ақысыз жасалады. Қазіргі таңда ауруханамызда МӘМС бойынша көптеген қымбат оталар жасалып жатыр. Солардың біреуін ғана мысалға алсақ: «Эндоваскулярлық эмболизация немесе қапталмаған катушкалар арқылы бастың немесе мойынның тамырлы окклюзиясы» атты отасын атауға болады. Бұл отаның МӘМС жүйесі бойынша өзіндік құны – 5 миллион 799 мың 453 теңге құрайды. Науқаста сақтандырылған мәртебесі болғандықтан жоғары технологиялық медициналық ота тегін жасалынды.

Ербол Зейноллаұлы, өзіңіз Денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан дәрігер, әрі мықты сарапшы маман ретінде елімізде жүзеге асырылып жатқан МӘМС жүйесі туралы өз ойыңызды білсек?

Мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы жақсы ойдамын, себебі бұл Қазақстан азаматтарына қажет жүйе. Жаңа жүйе денсаулық сақтау саласына көп жетістік алып келді. Сақтандыру бағасы қымбат тұратын ота түрлерін диагностика мен емдеу құнын өтеп береді. Медициналық қызметке өз қалтаңыздан ақша жұмсамайсыз. Науқастардың денсаулығы күрт нашарланған уақытта  ауруханаға тегін жүгініп, тегін емін ала алады. Мәселен, саланы қаржыландыру көлемі артты. Бұл жүйеге әлемнің дамыған елдері ертеректе көшіп алған. Біздің елде де қолданылып келе жатқанына 3 жылдан астам уақыт болды. Бастапқыда бұл жаңашылдыққа үрке қараған қоғам қазір оның пайдасын түсініп келе жатқан тәрізді. Бірақ қоғамда бұған қатысты әлі де көптеген сұрақтар бар. Ол мәселелер уақыт өткен сайын дұрыс ақпараттандырудың  нәтижесінде шешілетін болады.

Сұхбатыңыз үшін зор рахмет айтамыз.