Атырау облыстық ауруханасына Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылынан өте ауыр жағдайда  түскен 46 жастағы әйелге шұғыл түрде ота жасалып, өмірін сақтап қалған.

Облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Балауса Касимованың берген мәліметі бойынша, Хамит Ерғалиев ауылының тұрғыны өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

«Науқас қатты ауырсыну, дем жетіспеушілікпен (екі жақты плевропневмони), перитонеальды симптомдармен келіп түсті. Ауыл тұрғынын облыстық аурухананың гинеколог, хирург, реаниматолог, радиолог дәрігерлер жіті тексеріп, жағдайының ауырлығы себепті бірден жансақтау бөліміне жатқызып, отаға алынды. Тексеру қорытындысы бойынша «Көп камералы оң жақ аналық безінің кистасы, екі жақты плевропневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі, ішек қуысының жабысуы  ауруы анықталды» — Б.Касимова.

Аурухана дәрігерлері шұғыл түрде пациентке ота жасады. Әйелдің жасын және оның репродуктивті жоспарларын ескере отырып, оған сол жақ жатыр қосымшаларының сау болғанымен ішек пен өз ара жабысқағы ажыратылды. Кистадан 7 литр түсі сарғыш сұйықтық сорылып алып, оң жақ жатырдың қосымшалары алынды, себебі процесстің ұлғаюнына байланысты оң жақ түтікшеде өз анатомиясын жоғалтқан.

«Науқастың бұрынғы емдеу тарихында екі рет ота болған: бала кезінде деструктивті аппендицит — перитонит, 2000 жылы аппендицит отасынан кейін жабысқақ ішек өтімсіздігі, іш қуысының абсцессімен ота жасалған. Сол уақытта кистасы бар екенін, оның өсіп келе жатырғанынан хабардар болса да, ауылда гинеколог дәрігер болмағандықтан әйел жеке клиникаларға  қаралып,  тексерістер өтіп жүрсе де  оған Атырау өңірінде  ешкім операция жасап бере алмайды деген сөздерге сеніп жүрген.  Операция барысында іш қуысына кіру қиынға соғып, жабысқан ішектер ажыратылып, оң жақ аналық безінің көп камералы, «алып» кистасы анықталды» — деп тоқталды ота жасаушы облыстық аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, гинеколог дәрігер Жанаргүл Бекенова.

Қазіргі таңда науқас тиесілі емдерін түгелдей алып, жағдайы жақсарғандықтан үйіне шығарылған. Ауыл тұрғынына күрделі ота МӘМС жүйесі арқылы жасалған. Бұл отаның жалпы құны: 270449,31 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты сақтандырылған мәртебесі бар азаматтарға медициналық қызметтер мен оталар тегін жүргізіледі.