Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасы қала мен облыстың ересектеріне және балаларына офтальмологиялық медициналық көмек көрсетеді. Аурухана 50 орынға есептелген, оның ішінде ересектер — 40, балалар — 10, күндізгі стационар — 10 төсек орын. Ересек микрохирургиялық — 30; Терапиялық -10. Балалар — 10. Аурухана мамандары медициналық-профилактикалық жұмыспен айналысады, диагностикалау және хирургиялық араласу әдістерін жасайды, сондай-ақ жоспарлы және шұғыл көмек көрсетуді жүзеге асырады. Офтальмологиялық ауруханада консультациялық-диагностикалық медициналық көмек заманауи жабдықпен жабдықталған.

Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасында 2023 жылы МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 1085 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 984 ота, шұғыл түрде – 101 оталар жасалған.

1946 жылы туылған науқас көзінің көруінің нашарлауына, көз жанарының шаншып ауруына шағыммен облыстық офтальмологиялық ауруханасына түседі. Түскен кездегі көзі ішінің қысымы 27-30 болды. Науқасқа  бастапқы ашық глаукома диагнозы қойылып, дәрігерлік кеңестен соң иридэктомиясы бар склералар отасын жасайды. Отадан кейінгі кө іші қысымы 23 болды.

Науқас МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлға болғандықтан бұл ота оған тегін жасалынды. МӘМС бойынша жасалған отаның жалпы құны – 115021,77 тенгені құрайды.

«Медицина тіліндегі «глаукома» терминін қазақшаласақ, көздегі қысымның салдарынан пайда болатын су қараңғы соқырлық. Глаукома аурының екі түрі бар – ашық және жабық. Ең жаманы – ашық глаукома. Бұл кезде адамның көз қысымының көтерілгені білінбейді, ұзақ уақыт жақсы көріп жүре береді. Яғни, сезілмейтін ауру. Бірақ, көздің ішінде өте жоғары қысым пайда болып жатады. Бұл аурудың белгісі көз жанарындағы көру талшықтарының 30 пайызы өлген кезде ғана аздап сезіле бастайды. Кез келген адам, әсіресе, жасы отыз-қырықтан асқанда жылына бір рет көз қысымын өлшетіп отыру керек.» — деп түсіндірді облыстық офтальмология ауруханасының бас дәрігері Мұрат Құсайынов.