Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының осы бағытта алға қойған міндеттерінің бірі – емдеу мекемелеріндегі медициналық қызметтің қолжетімділігін, тұрғындарға уақытылы сапалы медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету.
«Сақтандыру медицинасы азаматтың тапқан табысына, ол үшін аударылған жарна көлеміне қарамастан медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік береді. Оның ішінде жоспарлы стационарлық көмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да, диагностикалық-консультациялық көмек те, медбике күтімі мен паллиативтік көмек те бар», — деп атап өтті Құрманғазы аудандық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Асулан Абдрахманов.
Құрманғазы аудандық ауруханасының тіркелген халық тіркелімінде (РПН) бүгінгі күні 48607 тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны – 17521. Жалпы аудан тұрғындарының ішінде 2022 жылдың соңымен 7292 тұрғын сақтандырылмаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» №405 Заңына сәйкес барлық азаматтар сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті.
Сақтандырылмаған азаматтарға кез-келген уақытта профилактикалық медициналық тексерулерден өту, консультативтік-диагностикалық көмектерді қабылдау (қымбат зерттеулер, компьютерлік томография, ультра дыбыстық зерттеу және тағы басқа), жоғары мамандандырылған медициналық көмек (үй стационары, күндізгі стационар, тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана), медициналық реабилитациядан өтуде кедергі келтіреді.
«2022 жылы аудан тұрғындарының ішінде 2156 науқас МӘМС жүйесі бойынша тәуліктік стационарда ем алды, оның ішінде 356 бала. Күндізгі стационарда 888 науқас, оның ішінде 152 балалар ем алған. Медициналық оңалту бойынша 277 науқас, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 106 бала әртүрлі аурулық себеппен оңалту шараларынан өткізілген. Яғни, сақтандырылған азаматтар тегін жоспарлы түрде стационарлық, стационаралмастырушы (күндізгі стационар, мелициналық оңалту) медициналық көмекпен қамтылып отыр» — деп атап көрсетті Асулан Нурбуланұлы.
Медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру үшін аудандық аурухана бойынша «бестіктер» қалыптастырылып, оның құрамына аурухана директорының 25.01.2022ж №43 бұйрығымен директордың орынбасары, сарапшы дәрігер, дәрігер статист, пациенттер қолдау көрсету қызметіне жауапты өкілі, тіркеу бөлімінің меңгерушісі бекітілді. Бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде әлеуметтік желілерге фейсбук, инстаграмм парақшаларына, аурахананың ресми сайтына және МӘМС жүйесі туралы аурухананың жасалған жұмыстары туралы ақпараттар ұдайы салынып отырады.
Медициналық ұйымдардың ғимараттары ішкі және сыртқы бетіне орналасқан медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмек туралы азаматтардың мәртебесі мен жарналары туралы стендттер мен банерлерлерге қаржы көздері қарастырылып, сұраныс берілді.
Алдағы уақытта да сақтандырылмаған азаматтардың мәртебесін (сақтандырылған) өзгерту бағытында жасалынып жатырған жұмыстар жоспаралы түрде жалғасын табады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406