20 жыл бойы аллергиясын нәтижесіз емдеп келген Атырау қаласының 42 жастағы тұрғыны Президенттік клиникадан көмек сұрады. Үнемі мұрын бітелуі, тыныс алудың қиындауы, түшкіру ұстамалары, мұрынның құрғауы, суыққа, шаңға реакция. Әйел адам соңғы 20 жыл бойы осылай өмір сүрген. 2000 жылдары пациентке аллергиялық ринит диагнозы қойылады. Әртүрлі ем қабылдайды, бірақ бәрі бекер.
«Оған қазір емде қолданылмайтын глюкокортикоидты препарат – дипроспан қабылдау жазылған екен. Дипроспан жағдайды уақытша жеңілдетеді, ал оны үнемі қолданудың көптеген жанама әсері бар», — дейді Президенттік клиниканың аллерголог-иммунологы Ғалия Түсіпбекова. Оның айтуынша, түрлі зерттеулер жүргізіліп, соның ішінде тұрмыстық аллергендері бар теріге жасалатын тестілер және Е иммуноглобулин деңгейі тексеріліп, аллергия белгілері байқалмаған. Лор дәрігерге қаралып, компьютерлік томография жасап, дипроспанмен емдеуді тоқтату керек деген шешім қабылданды.
«КТ нәтижелері бойынша мұрын кеңсірігінің қисықтығы және созылмалы синусит ауруы бар екендігі расталды. Біз оған кеңсірікті хирургиялық жолмен түзетуді ұсындық. Бұнымыз дұрыс шешім болды. Пациентке портал арқылы тегін ота жасалып, тынысы айтарлықтай жақсарды», — дейді дәрігер оториноларинголог Талапбек Әженов.
«Анашым, мұрныммен дем алып тұрмын!». Перзентінің осы сөзінен соң бақытты ана дәрігерлерге алғысын айтты.