Қордың Атырау облысы бойынша филиалы 2024 жылы медициналық ұйымдарға 59,7 млрд теңге төлеген. Бұл биылғы жылы медициналық көмекті қаржыландырудың 74,6% пайызын құрайды.
25 қарашадағы жағдай бойынша 92 медициналық ұйым қаңтар-қазан айлары аралығында көрсетілген қызметтер үшін төлем алды. Бұл ретте 9 айдың медициналық қызмет ақысы 100 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта қазанды жабу жұмыстары жүргізілуде және желтоқсанның басында қараша айының төлемдеріне көшу жоспарлануда. Яғни, қаржыландыру кезеңдері қалпына келтірілді және ай сайын жалғасады.
Сонымен бірге 2024 жылдың басынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері пысықталғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу кейінірек басталды. Қор өз тарапынан медициналық көмекті үздіксіз қаржыландыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.