2024 жылдың 6 наурызында Алматы қаласы, “Шымбұлақ” тау курорт кешенінде FIS Әлем кубогы, оның ішінде “могул”, “параллель могул” және “шаңғы акробатикасы” спорт түрлері бойынша өткізілетін сайыстың БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференциясы өткізілді. Баспасөз конференциясында спикерлер: “Шымбұлақ” тау курортының бас директоры Ринат Әбдірахманов, “ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы” ФА ЗТБ Бас хатшысы Асқар Валиев және рейс FIS халықаралық шаңғы спорты федерациясының фристайл жөніндегі директоры Андреа Риналди, сондай-ақ фристайлдан ҚР құрамасының бас жаттықтырушысы Елена Круглыхина қатысты. Спикерлер іс-шараның бағдарламасы, ҚР командалары мен өзге де қатысушы елдер туралы және могул трассалары мен шаңғы акробатикасын дайындау туралы ақпараттармен бөлісіп, тілшілер сұрақтарына жауап берді.

“Шымбұлақ” тау курортының Бас директоры Ринат Әбдірахмановтың айтуынша, жарысқа 16 елден 180-нен астам халықаралық деңгейдегі спортшылар келген.
– Биыл Шымбұлақ қос мерейтойын атап өтуде: курорттың 70 жылдығымен қоса біз фристайлдан әлем кубогының кезеңдерін қабылдаудың 5 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осындай беделді жарыстардың біздің елде өтуі үлкен мақтаныш. Спортшылардың өз шеберліктерін көрсетіп, жаңа ұрпақты шабыттандыруы үшін жағдай жасап жатқанымыз қуантады”, – деп сөзін толықтырды.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық шаңғы Қауымдастығының Бас хатшысы Асқар Валиев фристайлдан әлем кубогының кезеңдерін өткізіп жатқан бесінші жылда аталмыш спорт түрлеріне деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанын және Қазақстан құрамасының өте мықты позицияға ие, үздік елдермен лайықты бәсекелес бола алатынын айтып өтті.
– Өте күшті өкілдік. Бізде жас ұрпақ бар, олар лайықты секірулерді көрсетеді және жолда жақсы жүреді. Жарысқа Қазақстан атынан 15 спортшы қатысады. “Могул / параллель могул” секциясында 10 спортшы және “шаңғы акробатикасы” секциясында 5 спортшы бар, – деп түсіндіре отырып, “Параллель могулдың олимпиадалық бағдарламаға енгізілгені және биыл алғаш рет жасөспірімдер арасында өткізілгені ерекше қуантады. Бұл тәртіпті дамытудағы үлкен қадам және жас спортшыларға өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетуге қосымша мүмкіндік береді. Біз бұл тек бастамасы екеніне сенімдіміз және бұл қызықты жарыстар 2026 жылы Милан олимпиадасының бір бөлігі болатынын асыға күтеміз. Сондай-ақ, биыл жарыс тарихында алғаш рет онлайн төрешілік өткізіліп отырғанын атап өткім келді. Курортқа тек екі халықаралық судья қатысады. Бұл қадам цифрландыруға көшудің және іс – шараларды ұйымдастыруға инновацияларды енгізудің бір бөлігі болып табылады”, – деп қорытындылады.

Ал Қазақстан құрамасының толық дайындығына жауапты Андреа Риналди іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі Спортты дамыту дирекциясы, “Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті” ҚБ, “Самұрық Қазына” АҚ, “Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры” корпоративтік қоры, “Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы Қауымдастығы”, ЗТБ, Шымбұлақ тау курортына алғысын білдірді.

Фристайлдан әлем кубогының кезеңдері 1980 жылдан бастап Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) қолдауымен әр жыл дәстүрлі түрде Шымбұлақта өтеді. Әр спорт маусымының соңында әр секция бойынша Әлем Кубогының финалдық кезеңі өткізіледі, онда ең мықты спортшылар анықталады және биік дәрежелі жетістіктің белгісі – хрусталь глобустар беріледі. Іс-шараға қатысушы спортшыларға сәттілік тілейміз!

 

Нұрай ДАУКЕН,

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Компьютерлік технологиялар кафедрасы,

медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті