«Атырау облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК облысымызда 1974 жылдан бермен қарай  балаларға қол жетімді мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектер көрсетіп келе жатырған жалғыз көпсалалы медициналық  мекеме болып табылады.

Ағымдағы жылдың қараша айында 13 жастағы ер баланы Жұмыскер ықшам ауданында жеңіл автокөлік қағып кетіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бас миының КТ түсіргеннен кейін, шұғыл түрде ауруханаға жатқызу шешімі қабылданған. Ауруханаға түскен кездегі жағдайы орталық нерв жүйесінің зақымдалуы әсерінен күрт ауыр болған. Субдуральді қан кету, бас миының ісіну көріністері болды.

Науқасқа 28-қараша күні Атырау облыстық балалар ауруханасының білікті нейрохирург дәрігері Арипов Шодёр Рахимұлы  01.31 коды бойынша (ми қабығын жарып кесу) ота жасады. Сонымен қатар, 01.10 коды бойынша (мониторингқа арналған катетер немесе зонд имплантациясын қоса алғанда, бас сүйек ішілік қысым мониторингі) отасы жасалынды.

Көрсетілген емнің жалпы құны: 2 675 804 1,36 теңгені құрады. МӘМС жүйесінің арқасында бұл ота сәбиге тегін жүргізілді. Бала ауруханадан қанағаттанарлық жағдаймен шығарылып, өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылауға алынды.

Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 2432 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 705 ота, шұғыл түрде – 1217 оталар жүргізілді.

 

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406