FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы Алматы-Ереван-Алматы жаңа бағытына билеттерді сата бастады. Бір жақты Алматы-Ереван сапар құны 28 700* теңгеден басталады, ал билеттер мобилдік қосымшада және FlyArystan.com сайтында қолжетімді. Ұшақтар армян астанасына әр дүйсенбі мен бейсенбі сайын 2022ж. 2 маусымнан бастап қатынайды.

             «Баку мен Самарқаннан кейін біздің ұшақтар Ереванға ұша бастайды. Арменияның бас қаласы көруем қалалардың бірі және де ол әлемнің түкпіріннен келтетін саяхатшылардың арасында зор қызығушылық тудырады. Жергілікті шипажай мен демалыс орындары терма мен минералды суға, ал таулы аймақтары алуан түрлі өсімдікке бай. Севан таулы көлдің жағасындағы демалыс орындарында отбасы тамаша демалуға болады.

Біз қазақстандықтарға шет елдерге қолжетімді сапарларды қуана ұсынамыз. Осындай бағыттар біздің жолаушыларға өзгеше туристтік орындарды тануға, ал оған қоса армян ұлт өкілдеріне тарихи отандарына жиірек баруға мүмкіндік береді», – деп жаңалықтармен FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинова бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, 2022ж 1 мамырынан бастап Арменияға кіру талаптарына сай, кері нәтижелі ПТР анықтама, экспресс-тест анықтамасы немесе вакцинация паспортының бар болуы қажет етілмейді.  Қазақстандықтар Арменияға визасыз саяхаттай алады.

*Билет құны сапар мен салмағы 5 кг-нан аспайтын (мөлшері 56*23*36 см) бір дана қолжүк пен кездейсоқ орынды қамтиды.

** Жолаушыларды Арменияға кіру ережелерімен алдын-ала таныс болуды сұраймыз.

 

FlyArystan – Қазақстандағы алғашқы бюджеттік лоукостері, алғаш рейсті  2019 жылдың мамыр айында орындаған. Қазіргі таңда FlyArystan әуе флоты Airbus A320 10 ұшақтарынан тұрады. Олар күнделікті 60 жуық рейстерді Қазақстан бойынша мен шетелге орындайды. FlyArystan – Air Astana<>  құрамындағы<> еншілес бөлімі.

FlyArystan баспасөз қызметіpr@flyarystan.com