Елімізде МӘМС жүйесінің енгізілгеніне биыл бесінші жыл. Бес жыл деген мәселесі шаш-етектен келетін медицина саласына енгізілген мұндай күрделі реформа үшін көп уақыт емес. Атырау қаласында МӘМС жүйесі қалай іске асырылып жатыр? Ол үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын алу үшін біздің тілшіміз № 1 Атырау қалалық емханасының директоры, жоғары санатты дәрігер Нұрбек Алексейұлы Үкібаевпен сұхбаттасқан еді.  

Құрметті Нұрбек Алексейұлы ең алдымен өзіңіз басқарып отырған №1 Атырау қалалық поликлиникасына тіркелген азаматтар саны және де олардың ішінде қаншасы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған мәртебесін иеленетіндері қанша? Жалпы, емханада тұрғындарды МӘМС жүйесінде сақтандыру бойынша қандай шаралар жүргізіліп келетіндіген тоқталып өтсеңіз?

 

  • Бүгінгі күні №1 Атырау қалалық емханаға тіркелген халықтың саны -56 312 адамды құрап отыр. Бұл мәлімет 2023 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға өсімді көрсетеді. Оның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған мәртебесін иеленетіндер саны – 48 374 адам. Ал, күні бүгінде сақтандырылмаған азаматтар саны – 7 938 адам болып тұр. МӘМС жүйесіне халықты тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалынан әр ай сайын сақтандырылмаған азаматтардың тізімі беріледі. Сақтандырылмаған адамдардың тұрғылықты жерін аңықтау мақсатында учаскелік мейірбикелер, әлеуметтік қызметкерлер үйлерді аралау барысында тұрғылықты мекен-жайларын аңықтап, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының дайындаған «Хабарламаны» әрбір сақтандырылмаған азаматтарға таратылып, тұрмайтын көшіп кеткен сақтандырылмаған азаматтардың телефон номерін алу жұмыстарын атқарады. Сондай-ақ тұрғын үйлерінде, елді мекенде жоқ, жұмысқа кеткен азаматтарға телефон шалу, WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы өзінің мәртебесін тексерту жолдары туралы түсіндірме жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Емханаға тіркеу бөліміне келген науқастардың алдымен сақтандырылу мәртебесі тексеріліп, сақтандырылмаған жағдайда Egov.kz электрондық үкімет порталы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы @SaqtandyryBot боты, ДамуМед мобильдік қосымшалар арқылы мәртебелерін тексеруге, Telegram-дағы @SaqtandyryBot боты арқылы қанша айға төлеу керектігін қарай алатындығы түсіндіріледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттар жиі ресми сайттарға жарияланады, жаңартылған видео роликтер емхананың кіре берісіндегі LED экранға, 2-3 қабаттағы телевизорлардан жарияланады. Емхана бойынша «Е» категориясы бойынша 210 сақтандырылмаған азамат бар. Оның 5 – еуі Халықты тіркеу порталы арқылы басқа емханадан ауысып келді. Сақтандырылмаған азаматтармен сөйлесіліп, тізім жасақталынып «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалына сараланып жолданды. «Д» категориясы бойынша 1194 сақтандырылмаған азамат бар оның 99–і емхананың халықты тіркеу порталынан шығып кеткен, 1 азамат қайтыс болған. Басқа мекемелерден 28 сақтандырылмаған азамат ауысып келді.

 

 

  • Қалалық № 1 емханаға тұрғындарға қандай медициналық қызметтер көрсетіледі? Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке жүгініп, МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызметтер алған тұрғындар саны қанша? Сіздің емханада сырқаттары анықталып, әрі қарай квота немес портал арқылы орталықтарда ем алған науқастар санына қанша?

 

  • Қазіргі таңда МӘМС жүйесі бойынша емханамызға тіркелген тұрғындарға ҚР ДСМ 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрығына сәйкес барлық қызметтер көрсетіледі. Науқасқа кез келген консультациялық-диагностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Консультативты-диагностика бөлімі бойынша – хируогиялық, неврологиялық, кардиологиялық, эндокринологиялық, офтальмологиядық, отоларингология, урология, стоматология, мамолог маманы, клиника-биохимиялық лаборатория, 65 орындық күндізгі аурухана, УЗИ, ЭКГ, 12 каналды ЭКГ, ХОЛТЕР, СМАД, спирография тредмл тест, ЛФК, массаж, физиотерапия бөлімі, дәріхана, рентген, маммография, флюроаппарат тұрғындарға қызмет жасайды. Медициналық-санитарлық алғашқы көмекке жүгінген және МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызметтер алған тұрғындар саны 2023 жылы -263 441 адам болса, 2024 жылдын 7 айында медициналық көмек алған адамдар саны -156 532 болып тұр. 2023 жылы портал арқылы Республикалық клиникаларда, оңалту орталықтарда, жергылыкты ауруханаларда ем алып шыққан пациенттн,р саны -6 175 адам. Алматы -51 науқас, Астанада – 253 нуқас ем делген. Ал, 2024 жылдың 7 айында 3 503 науқас ем алып шыққан. Алматы қаласында -31, Астана – 124 науқас.

 

  • Науқастардың өтініштері мен шағымдарын қарау бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

 

  • Емханада пациенттерді қолдау қызметіне жауапты 13 қызметкер, жалпы медицина қызметкерлерінің барлығыда науқастарды қолдау қызметіне қатысады. Шағымдар мен арыздар науқас емханаға келген кезінде тексеріліп, уақытында шешімін табады деп айта аламын. Әлуметтік желілерден, Колл Центр орталықтарынан, денсаулық сақтау басқармасынан келген шағым хаттармен де уақытында шешімін тауып, жауабын беруге жұмыстанамыз. Негізді және негіссіз шағымдар болады, дәлелдеп, жауабы беріледі. Дәрігерлер мен медбикелерге ақпаратты көрсетіп, таныстырылып отырады.

 

  • Өзіңіз Денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан дәрігер, әрі сарапшы маман ретінде елімізде жүзеге асырылып жатқан МӘМС жүйесі туралы өз ойыңызды білсек?

 

  • Өз ойымды айтар болсам көпшілік ерекше үміт артқан жобаның бірі де бірегейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі. МӘМС жұмысының төрт жылынан кейін денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесі әлеуетінің өсуі туралы ғана емес, сондай-ақ медициналық қызметтер нарығының бұрынғы моделінің өзгеруі туралы да айтуға болады. Қысқа уақыттың ішінде тізімде медициналық көмектің жаңа түрлері пайда болды, медицина неғұрлым технологиялық, жабдықталған, клиникалардың арасындағы бәсекелестік қарқын алуда. МӘМС жүйесінің қарапайым халыққа тигізетін негізгі артықшылықтары олар: Медициналық қызмет үшін қалтамыздан аз жұмсаймыз. Сақтандыру қымбат операцияларды, диагностика мен емдеуді жабады. Медициналық көмек сақтандырылған адамның табысы мен жарна мөлшеріне байланысты емес. Емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша сізді Қормен келісім-шарт жасалған кез келген клиникада қабылдайды.