ПРЕСС АНОНС

 

Өтетін күні: 4 желтоқсан 2023 жыл

Өтетін уақыты: 09:00 – 18:00

Өтетін жері: Алматы, «Regardal hotel», Пожарский,1.

 

 

 

 

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы «Шеврон» компаниясының серіктестігінде, «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ» тақырыбында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады.

Медиа форумның мақсаты – түркітілдес мемлекеттер мен ұлттардың бұқаралық ақпарат құралдарының өзара тиімді ынтымақтастығын күшейту, журналистердің кәсіби білігі пен білімін арттыратын ортақ жобаларды жүзеге асыру, түркі халықтарының рухани, тарихи және мәдени байланыстарын БАҚ арқылы насихаттау.

Қатысушылар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Нидерланд елдеріндегі БАҚ басшылары, журналистер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері.

ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында Қазақстанның аймақтарынан жиналатын қазақ журналистер үшін семинар-тренинг, «Әлеумет – қоғам айнасы», «Еркін сөз» шығармашылық байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Форум сайтына сілтеме: www.mediaforum.kz   

Іс-шараға қатысу үшін тіркеуден өтіп, толтырылған нұсқаны turkgazetecilervakfi@gmail.com  электронды поштасына немесе +7 (707) 455 2415 (WhatsApp) нөміріне жіберу қажет.

        

Қосымша ақпарат үшін:

Call centre +7 (707)455 2415

Жоямерген Нұрсая +7 (778)196 1797

Баспасөз қызметі