«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді» – деп хабарлайды  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалы.

Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3% – ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2% – ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.

Бірыңғай Жиынтық Төлем құрайды:

  • қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңге;
  • ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.

Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады.

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406