Өткен жылдың 1-інші қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгендігі баршаға белгілі. Алайда, жүйе енгізілгеніне жылдың үстінде уақыт өтсе де, ел арасында жаңашылдықты түсінбей жатқандар да бар. Жұртшылық тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін жарналарға, медициналық қызметтің сапасына және медициналық көмектің қолжетімділігіне байланысты сұрақтар келіп түсуде. Осы орайда «Мерейлі мекен» республикалық қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық журналының редакциясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Закарьяұлы ҒАЗИЗОВПЕН сұхбат құрған едік.
– Байтолла Закарьяұлы, әуелі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан бері Атырау облысында медициналық көмекке бөлінетін қаржы жөнінде кеңінен тоқтала кетсеңіз…
– Иә, биылдан бастап медициналық көмекті қаржыландыру көлемі өсіп отыр. Нақты тоқталатын болсақ: 2021 жылға арналған Қордың Атырау облысы бойынша филиалының сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 54,7 млрд теңге, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша (ТМККК) – 35,1 млрд теңге, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға – 19,6 млрд теңге қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 53,8 млрд. теңге сомасына 64 медициналық қызмет жеткізушімен 191 келісім шарт жасалды. Егер өткен жылы филиалмен 62 жеке жеткізуші жұмыс істеп, олармен 154 келісім шарт жасалған болса, биыл олардың саны 64-ке өсіп, олармен жасалған келісім шарттар саны 191-ге жетті. 1 сәуірдегі жағдаймен Атырау облысы бойынша жекеменшік жеткізушілердің үлесі 49% құрап отыр (барлығы 64 өнім беруші, оның ішінде 33 мемлекеттік және 31 жеке өнім беруші). Облыс бойынша қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша ұлғайтылып отыр: Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке 2021 жылға 13,2 млрд теңге, өсім 14%, 2020 жылы 11,5 млрд теңге; стационарды алмастыратын көмек 2,9 млрд теңге, өсім 81%, 2020 жылы 1,6 млрд теңге; ауыл тұрғындарына медициналық көмек 4,6 млрд теңге, өсім 77%, 2020 жылы 2,6 млрд теңге; паллиативтік көмек 161,7 млн теңге, өсім 474%, 2020 жылы 34,1 млн теңге; АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек 318,8 млн теңге, өсім 48%, 2020 жылы 215,4 млн теңге; онкогематология 145,2 млн теңге, өсім 15%, 2020 жылы 125,4 млн теңге. Мектеп медицинасын дамытуға – 920,3 теңге бөлінді, өсім 18%, 2020 жылы 777,2 млн теңге.
– Атырау облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы бүгінге дейін қанша адам сақтандырылды?
– 2021 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша Атырау облысында барлық тұрғындардың саны – 661084 адам. Олардың ішінен МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған азаматтардың саны – 569077 адамға жетіп отыр. Бұл пайызға шаққанда 86% құрайды. Атырау облысы сақтандырылған азаматтар саны бойынша республикада алғашқы үздік үштікке кіреді.
– Қазіргі таңда облыс бойынша қорға жиналған жарна сомасы қандай деңгейде?
– МӘМС жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30 маусымы аралығында Атырау облысы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 40 млрд. 108 млн теңгені құрап отыр. Оның 30 млрд 079 млн теңгесі (шамамен 96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 10 млрд 029 млн. теңге (3,6% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы сақтандырылған азаматтар Атырау облысындағы жеке емханалардан қызмет алуына бола ма?
– Биыл Атырау облысы бойынша сақтандырылған азаматтарға амбулаториялық-поликлиникалық, яғни бастапқы медициналық- санитарлық көмекті 23 медициналық мекемелер көрсететін болады. Олардың 15-і мемлекеттік мекемелер бола, 8-і жеке меншік медицирналық мекемелер. Тізім бойынша жеке меншік медициналық мекемелер олар: «Ақтөбе транзит экспедишн» ЖШС, «Салимжан и К» ЖШС, «Медикер жайық» ЖШС, «Атырау теміржол ауруханасы», «Достар Мед Престиж» ЖШС, «АВ medical» ЖШС, «Құлсары қаласының ИНТЕРТИЧ медициналық орталығы» ЖШС.
– Қорға сақтандырыған азаматтардан келіп түсетін арыз-шағым, өтініштердің негізгі мазмұны қандай?
– 1406 Call-орталығына облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 маусымға дейін 15470 қоңырау шалынған, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы өтініш, шағым түсірілген, жауаптары берілді. Оның ішінде: 14257– консультациялар, 16 – шағымдар, 10 – алғыс және 3 – ұсыныс, 69 – ШОБ субъектілерінің мәртебесін түзету, 990 – жеңілдік санатындағы азаматтарға уақытша статус беру. Осы шағымдардың 71-і 1406 байланыс орталығы арқылы, ал 67-і Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы қабылданды, 6-ы ДСМ сайты арқылы, 1- ДС Министірінің блогы арқылы, 1 – қордың сайты арқылы.
Шағымдардың 58-і медициналық ұйымға келіп түскен. Атап айтар болсақ: Жедел медициналық көмек бригадасына – 1 шағым, ақылы негізде қызмет алуға – 9 шағымдар, дәрігерлердің кәсіби құзыретсіздігіне – 7 шағымдар; дөрекі қарым-қатынастарға – 6 шағымдар, көрсетілген медициналық көмектің сапасына – 5, консультативті-диагностикалық қызметтер алуға ұзақ кезекте тұруға – 3 шағым түскен.
– Байтолла Закарьяұлы, күні бүгін облыста медициналық көмек түрлері қарапайым халық үшін қаншалықты қолжетімді деп ойлайсыз?
– Атырау облысы бойынша 13 КТ және 4 МРТ аппараттары бар, аталған аппараттармен қамтылу көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 2,1 бірлік (ҚР көрсеткіш – 1,7 бірлік). Қазіргі таңда 12 430 ақылы және ТМККК/МӘМС жүйесінде диагностикалық зерттеулер жүргізілген. Аталған аппараттардың 4 айлық өткізу қабілеті: КТ аппараты бойынша 21120 пациент болса (күніне 24 адам), МРТ аппараты – 4 224 болуы тиіс (күніне 12 адам). Алайда осы күнге КТ аппаратымен – 8 716 ғана, оның ішінде тегін -7346 /84 % , ақылы – 1370 /16%, күндік өткізу қабілетінен – 42 % және МРТ аппараты – 3 714, оның ішінде: тегін – 2867 /77%, ақылы – 847/23%, күндік өткізу қабілетінен -87,9% қызмет көрсетілді. Тоқтала кететін мәселе Облыстық кардиологиялық орталықта КТ және МРТ аппараттарымен жалпы саны 434 ересек адамға медициналық көмек көрсетілген. Оның ішінде тегін көрсетілген көмек – 120 (27,7 %), ақылы көмек – 314 (72,3%). Бұл дегеніміз, БМСК мекемелері өздеріне тіркелген тұрғындарға қымбат медициналық қызметтерді тегін жолдамамен ала алатындығын түсіндірмеуін, тіпті кейбір дәрігерлердің қандай медициналық ұйымдарда осы қызметтер ұсынылатындығын білмейтіндігін көрсетеді. Науқастар профильдік-мамандардың кеңесін алу үшін де ұзақ уақыт күтуде, мысал ретінде Атырау облыстық ауруханасында гематолог және нефролог маманына күту кезегінің 20 күннен асатындығын айтуға болады. Сонымен бірге, КТ, МРТ аппараттарына диагностикалық зерттеуден өту үшін 20- 25 күн кетсе, УЗИ (ЭХО КГ) аппаратын күту ұзақтығы 15 күнді құрап отыр.
– Өңірде медициналық қызметтің қолжетімділігін жақсарту үшін қандай іс-шаралар қолға алынбақ?
– Мемлекеттік мекемелерде КТ және МРТ қызметтерін күту өте ұзақ болғандықтан, күту кезегін азайту мақсатында және халыққа осы қызметтердің қол жетімділігін жақсарту үшін медициналық ұйымдар пациенттерді осы қызмет түрін көрсететін басқа жеке медициналық ұйымдарға жіберуі керек деп санаймын, мысалы, WESTERN Clinic, ORION MEDICALS мекемелерінде күту уақыты 1 күннен аспайды. Мемлекеттік мекемелер жұмыс кестесін қайта қарап,жұмыс уақытында медициналық қызметті тек ТМККК/МӘМС жүйесінде көрсетіп, ақылы қызметті жұмыс мерзімінен тыс уақытта өткізу (16 00 -17 00 кейін және сенбі, жексенбі күндері). Атырау облысының аумағында жұмыс істейтін жеке клиникалар облыс тұрғындарына ТМККК/МӘМС аясында медициналық қызмет көрсету үшін дайын. БМСК ұйымдарына пациенттерді қызмет көрсетушілер базасында тіркелген жекеменшік мекемелерге жолдауды міндеттеу (келсім шарт АЖ автоматтандырылған). Мүмкіндік болса КТ құрылғысын қосымша Мақат ауданына орналастыра отырып, оны ауданаралық ретінде ұйымдастыру жолдарын қарастыру қажет – Қызылқоға ауданымен бірге.
– Коронавирустық инфекциядан кейін оңалтудан өтуді қалайтын пациенттер үшін не істеу керек?
– Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың Кеңесіне жолдама береді, олар жағдайды бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. Олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Көрсетілімдер болған кезде оңалтудан үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да өте алады. Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей.
Сұхбаттасқан:
Өмірбек КЕНЖЕАХМЕТОВ,
«Мерейлі мекен» республикалық қоғамдық-саяси,
ақпараттық-танымдық журналының редакторы