FlyArystan Біріккен Араб Әмірліктеріне қатынайтын жаңа рейске билет сатылымын ашты. Жайлы Airbus A320 ұшақтарында орындалатын Алматы-Шарджа-Алматы бағытындағы рейстер 15 маусымнан бастап қатынайтын болады. Саяхат аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалмақ. Ұшу ұзақтығы 4 сағат 25 минутты құрайды. Бір бағыттағы сапар құны 59 999 теңгеден* басталады, билеттер FlyArystan мобильдік қосымшасында және flyarystan.com сайтында қол жетімді.

«2021 жылғы жоспарларға сәйкес, халықаралық бағыттар кестесі, тікелей ұшатын Алматы-Шарджа-Алматы бағытымен толығады. Бұл рейстің пайда болуы қазақстандықтарға БАӘ-де жыл бойы бюджеттік демалыс өткізуге және дәстүрлі Араб Шарджасына ғана емес, сонымен қатар Шарджа әуежайынан 30 км қашықтықта орналасқан заманауи Дубай шаһарына оңайлықпен жетуге мүмкіндік береді», – деді Жанар Жайлауова, FlyArystan компаниясының коммерциялық директоры .

Біріккен Араб Әмірліктеріне ашылған жаңа рейстер – FlyArystan-ның биыл ұшатын төртінші мемлекеті. Естеріңізге сала кетсек, наурызда әуетасымалдаушы Түркістанды Ыстамбұлмен байланыстырып, 31 мамырдан бастап Бішкекке ұшатын болады. Сәуір айында Атырау, Ақтау және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Кутаисиге ұшуға мүмкіндік алды

*Билеттің құны – өлшемі 56*23*36 см болатын 5кг қолжүгінің бір данасы мен кездейсоқ орынды қамтиды. Бір адамға 30 кг-ға дейін жолжүкті сатып алуға рұқсат етілген.

 

FlyArystan – Қазақстанның алғашқы лоукостері. Бірінші сапары 2019 жылы мамырда орындалған болатын. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 10 Airbus A320 ұшақтары бар және де олар күнделікті 70-тей рейстерді орындайды. FlyArystan – Air Astana әуекомпаниясының еншілес компаниясы.

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді?

Арзан билетті қалай табуға болады?

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады?

 

 

FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com