Атырау облыстық офтальмология ауруханасына 2022 жылдың маусым айында оң көзіне жетіліп кеткен катаракта диагнозымен Исатай ауданынан 1947 жылы туылған науқас келіп түсті. Бұл пациент бұған дейін де 2021 жылдың желтоқсан айында офтальмология ауруханасында сол көзіне ота жасатып, сол көзінің көруі 100 пайыз қалпына келтірілген еді. 2022 жылдың 20 маусымында науқастың оң көзіне ИОЛ  имплантациясымен катарактаны факоэмульсификация отасы сәтті жасалынып шықты. Науқас МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлға болғандықтан бұл ота оған тегін жасалынды. Отаның жалпы құны – 280 000 тенгені құрайды.

Ағымдағы 2022 жыл бойына Атырау облыстық офтальмология ауруханасында барлығы 533 оталар  жасалған. Оның ішінде МӘМС аясында 522 оталар жасалса, ТМККК бойынша 11 оталар жасалды.

«Катаракта бұл әсіресе егде жастағы адамдарға тән патология. Линза жартылай бұлыңғыр болады. Жоғалған мөлдірлік адамға қалыпты көруге мүмкіндік бермейді. Өйткені көзге енетін жарық сәулелері қабылданбайды. Осындай өзгерістің әсерінен қоршаған ортаны қабылдау біртіндеп өзінің айқындылығын жоғалтады, сурет барған сайын бұлыңғыр болады. Егер сіз емдеу процедураларын уақытында бастамасаңыз, онда соқырлықтың ықтималдығы жоғары болады» – деп түсіндірді облыстық офтальмология ауруханасының бас дәрігері Мұрат Құсайынов.

Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасы 50 орынға есептелген, оның ішінде ересектер – 40, балалар – 10, күндізгі стационар – 10 төсек орын. Ересек микрохирургиялық-30; Терапиялық -10. Балалар – 10. Аурухана мамандары медициналық-профилактикалық жұмыспен айналысады, диагностикалау және хирургиялық араласу әдістеріне ие, сондай-ақ жоспарлы және шұғыл көмек көрсетуді жүзеге асырады. Офтальмологиялық ауруханада консультациялық-диагностикалық медициналық көмек заманауи жабдықпен жабдықталған.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406