2020 жылдың 3 – желтоқсан күні Атырау облыстық әкімшілігінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиевтің қатынасуымен облыстық штаб отырысы болып өтті. Штаб отырысын Атырау облысы әкімі орынбасары Әлібек Ибатоллаұлының Нәутиевтің өзі жүргізіп отырды. Күн тәртібінде Атырау облысындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асыруының барысы, сақтандырылмаған азаматтармен түсінік жұмыстарын жүргізу, ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнес субъектілері қызметкерлерінің сақтандырылуы барысы талқыланып, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды есепке алу сонымен қатар амбулаториялық деңгейде дәрілік затпен қамту мәселелері қаралды. Штаб отырысына штаб мүшелері, Атырау қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары және де медициналық ұйымдардың директорлары қатынасты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Сәбит Құралбек Атырау облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асырудың барысы, сақтандырылмаған азаматтармен түсінік жұмыстарын жүргізу және облыс көлемінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету туралы жан-жақты қамтылған баяндама жасады. Одан соң Атырау қаласы әкімінің орынбасары және аудан әкімдерінің орынбасарлары сөз алып, күн тәртібіндегі мәселерге қатынасты ойларын ортаға салды.
Штаб отырысы соңында Атырау облысы әкімі орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы қорытынды сөз сөйлеп, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық мүмкін жолдар арқылы тұрғындарға әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттық-түсінік жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. Халықаралық деңгейде өзінің нәтижесін көрсеткен жүйе, қазақстандықтар үшін пайдалы болмақ. МӘМС кірген жандар КТ, МРТ деген медициналық қызметтерді тегін алатын болады. Бұл жүйенің арқасында медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуіне, сондай-ақ, соңғы технологиядағы аппараттар арқылы науқасты емдеуге қолжетімділік пайда болады.
Сонымен қатар, мемлекет арнайы әлеуметтік деңгейге байланысты 15 санат бойынша, яғни әлеуметтік деңгейі төмен немесе көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер және т.б емделушілер статусына қарай медициналық қызметті тегін алады. Олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жарнаны күні бүгінде мемлекет төлеп жатыр.
НАО «Фонд социального медицинского страхования»
филиалпо Атырауской области
Телефоны: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Единый колл центр – 1406