Бүкіл әлемде жыл сайын 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі. Дүниежүзілік жүрек күні «Өмірге арналған жүрек» ұранымен өткізіледі. Бұл күн жаһандық денсаулық сақтау акциясы. Жаңа күнді енгізудің мақсаты – әлемдегі жүрек-қан тамырлары ауруларының індетінен туындаған қауіптілікті қоғамда ұғынуды арттыру, сондай-ақ халықтың барлық топтарында ишемиялық ауру мен ми инсультіне қатысты жаппай алдын алу шараларын бастау.
Жүрек адамның маңызды мүшесі, сондықтан оны күту біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы керек. Осылайша бұл күн жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу адамның ұзақ өмір сүруінің және жалпы денсаулығының кепілі екенін еске салуға арналған.
Жүрек қан тамыр аурулары еліміз бен өңірде өкінішке орай алдыңғы алдыңғы орында тұрған сырқаттың түрі болып саналады. Бұл дертті емдеу мен алдын алуға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (әрмен қарай – МӘМС) ерекше мән береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша филиалы директоры Сәбит Құралбектің сөзінше қан айналым жүйесі, жүрек қан тамырлары аурулары тегін медициналық көмектің кепілденділген (әрмен қарай – ТМККК) көлемі аясындағы әлеуметтік маңызды және негізгі созылмалы аурулар тізіміне кіреді. Яғни, осы аталған сырқат бойынша диспансерлік есепте тұрғандарға консультативті-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету, жоспарлы стационар алмастырушы және стационарлық көмек тегін көрсетіледі.
НАО «Фонд социального медицинского страхования»
филиалпо Атырауской области
Телефоны: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Единый колл центр – 1406