1. Жалпы ережелер

 

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және (немесе) жарналарды жекелеген төлеушілерге «медициналық қызметтерді тұтынушы» уақытша мәртебесін беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) адамдардың жекелеген санаттарына:

– «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – МӘМС туралы заң) 26-бабының 1-тармағына сәйкес жарналар төлеуден босатылған адамдарға (бұдан әрі – жеңілдікті адамдар санаты);

– «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы  шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысының (бұдан әрі – № 224 ҚРҮҚ) 1-тармағына сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, микро, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;

– «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің  (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы                                               2 шілдедегі Заңының 1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар мен) қызметкерлеріне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) «медициналық қызметтерді тұтынушы» уақытша мәртебесін беру тәртібін нақтылайды.

  1. «Медициналық қызметтерді тұтынушы» уақытша мәртебесін беру МӘМС жүйесінде төлеушілерді сәйкестендіру, МӘМС жүйесінде төлеушілердің уақтылы медициналық көмек алуы мақсатында жүзеге асырылады.
  2. Осы Нұсқаулық қызметкерге «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесі жоқ адам анықталған немесе өтініш берген жағдайда «медициналық қызметтерді тұтынушы» уақытша мәртебесін беруге мүмкіндік береді.

 

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және (немесе) жарналарды жекелеген төлеушілерге «медициналық қызметтерді тұтынушы» уақытша мәртебесін беру тәртібі

 

  1. «Медициналық қызметтерді тұтынушы емес» мәртебесі анықталған жағдайда, жеңілдікті санатқа жататын адам «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін алу үшін Қордың Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы Қорға мынадай құжаттарды ұсына алады:

1) балалар – туу туралы куәлік;

2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер  – жүктілік туралы анықтама;

3) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар – жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) – 3 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігі;

5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар – 3 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігі;

6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар – баланың мүгедектігі туралы анықтама және баланың туу туралы куәлігі;

7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам – мүгедектігі туралы анықтама және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды  жүзеге асыратын адамның жеке басын растайтын құжаттар;

8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері – зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын ресми құжат;

9) жұмыс істемейтін қандастар – оралман куәлігі және жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

10) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар – «Көпбалалы ана» атағымен наградталғанын немесе алғандығын растайтын құжат;

11) мүгедектер – мүгедектігі туралы анықтама;

12) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар – оқу орнынан анықтама;

13) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер – пациенттің АӘК алушыға тиесілігін растайтын анықтама.

  1. Қордың жауапты қызметкері (бұдан әрі – жауапты қызметкер) Қордың Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы жеңілдікті адамдар санатына жататын адамдардың жіберген құжаттарын Қордың «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Saqtandyry» АЖ), сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелірінде қамтылған деректермен салыстырып тексереді.

«Saqtandyry» АЖ-да жауапты қызметкер адамның жеңілдікті санатқа жататыны анықталған жағдайда 1 (бір) айға «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін береді.

  1. № 224 қаулының 1-тармағына сәйкес еңбекке ақы төлеу қорынан МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды төлеуден босату көзделеді (өзі үшін төлейтін дара кәсіпкерлерді қоспағанда):

1) төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын міндеттемелер бойынша, № 224 қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке  практикамен  айналысатын адамдар, микро,  шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – ШОБ субъектілері);

2) төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын міндеттемелер бойынша № 224 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – ірі кәсіпкерлік субъектілері).

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы “Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 шілдедегі Заңының 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын және:

телевизиялық бағдарламаларды жасау және трансляциялау жөніндегі қызметпен және (немесе) радио хабарларын таратумен және (немесе)

газеттер, журналдар және (немесе) мерзімді жарияланымдар шығарумен айналысатын салық төлеуші қызметкерінің кірістері (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасы) алып тасталады.

МӘМС туралы Заңның 29-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар және баспасөз басылымдары) қызметкерлерінің табыстарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар ұсталмайды.

  1. Жалдамалы қызметкерлерге «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін беру үшін ШОБ немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының (телевизия және баспа басылымдары) жұмыс берушілері ай сайын «Saqtandyry» АЖ-да есептіден кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жеке сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі-ЖСН) көрсете отырып, МӘМС-ке жарналар мен аударымдар төлеуден босатылған адамдардың тізімдерін (бұдан әрі-жалдамалы қызметкерлер) ұсына алады.
  2. Жалдамалы қызметкерлердің тізімін ұсынудың дәйекті алгоритмі, сондай-ақ ЖСН бойынша осындай адамдардың деректерін енгізу жұмыс берушілер үшін «Saqtandyry» АЖ-да сипатталған.

Жұмыс берушілер үшін «Saqtandyry» АЖ-ға кіру және тіркелу бизнес сәйкестендіру нөмірлері (БСН) бойынша немесе дара кәсіпкердің немесе заң ұйымының қолданыстағы валидтік электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда ЖСН бойынша жүзеге асырылады. Тізімде БСН немесе ЖСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес.

«Saqtandyry» АЖ-да тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін өз ЭЦҚ бар жұмыс берушілер (не уәкілетті тұлғалар) «Saqtandyry» АЖ-да жалдамалы қызметкерлер бойынша дәйекті мәліметтерді (ЖСН) ұсыну мақсатында пайдаланушылық келісімдерге міндетті түрде қол қояды

  1. Қор 2020 жылғы қаңтардан бастап сәуірге дейін алынған төлем тапсырмасына сәйкес қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің МӘМС-ке төленген жарналары мен аударымдарын ескере отырып, «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін береді.
  2. «Saqtandyry» АЖ-да «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесі болмаған жағдайда ШОБ субъектісінің немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар және баспа басылымдары) жалдамалы қызметкері осындай мәртебе беру үшін Қордың Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы Қорға ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарды жібере алады.
  3. Жауапты қызметкер «Saqtandyry» АЖ-да ұсынылған құжаттарды «Saqtandyry» АЖ-дағы деректермен салыстырады.

Адамның ШОБ субъектілерінің немесе төлемдерден босатылған ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар және баспа басылымдары) қызметкерлеріне тиесілігі анықталған жағдайда, жауапты қызметкер «Saqtandyry» АЖ-да 1 (бір) айға «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін береді.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.