Гүлнәр Мақсатқызы ӘНУАРБЕКОВА – 1981 жылы Атырау қаласында туған. ҚазҰУ-нің экономист мамандығын тәмамдаған.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Орыс тілінде өлеңдер жазды.

Қазақ тілінде аударған ақын Алмас САДЫҚОВ.

 

Туған қалам өзің жайлы жазамын,

Құм шағылдан естіледі азалы үн.

Талай тарих қойнауыңда жатыр ғой,

Батыры көп батыстағы қазағым!

 

Сол тектілер ұрпағымын жалғасқан,

Айшықталған ақ жырым бар алдаспан.

Алпыс екі тамырымды идірді,

Шабыт беріп сары далам құм басқан!

 

Баға жетпес өскен қалам Үйшігім,

Талай талант тебіренткен түйсігін.

Ыстық аптап, ызғырық жел тынбаған,

Күңіренген сазындай ғой күйшінің!

 

Қуат алам сәулесінен жарық күн,

Толқынынан аққан әсем Жайықтың.

Таң шапағы өлеңіме арқау боп,

Тудырады сан дауылын шабыттың!

 

О, Нарын құм, бабам жатқан мекенім,

Тірі жүрсем сені жырлап өтемін.

Сенде тудым, сені тастап кетпеймін,

Сен қорғаным – мақсатыма жетемін!

 

Туған қалам саған арнар жырым көп,

Қарсы аласың жатырқамай күлімдеп.

Әдемі ұйқас тудыратын музамсың,

Тыңдағайсың жүрегімнің үнін тек!!!

 

***

Рождённая в городе этом,

Я буду писать вновь и вновь.

Песками святыми согрета,

Течёт во мне запада кровь.

Рождённая в городе светлом,

Пишу не тая обо всём.

Доспехи из веры и света,

Мы в городе нашем найдём

И предков тройную защиту,

И силу священных песков.

Наш город мощней, чем комета,

Талантами славится вновь.

Мне сила его помогает,

Могучесть суровых ветров.

И блики от солнца играют,

Таких мне родных берегов.

Стихи сочиняя с рассветом,

Я вновь наполняюсь душой.

Людьми бесконечно согрета,

Тепло их накатит волной.

И предков небесную силу

Черпаю с зыбучих песков.

Я стен мне родных не покину,

Отдам до остатка любовь.

И сложится рифма красиво,

Лишь здесь моя муза легка.

Лишь здесь обеспечит защиту,

Родная по крови земля.

Рождённая в городе этом,

Я буду писать вновь и вновь.

Песками святыми согрета,

Течёт во мне запада кровь.

 

***

Ақынжанды адамның мұңы басым,

Көрсетпейдi өзгеге көздiң жасын.

Қатал тағдыр киындау көрiнгенмен,

Алшақ ұстар ортадан жеке басын.

Акынжанды адамның аңғал жаны,

Дәл өзiндей сезiнер жұрттың бәрiн.

Мықты болып сыртынан көрiнгенмен,

Жаны ауырса құйылтар жырдың нәрiн.

Ақынжанды адамдар әркез шыншыл,

Ақ бояулы көрiнер өмiр сыншыл.

Ұйқасқа сай тағдырдың жазмышы сол,

Өз жолы бар, кедергi болмас күншiл.

Ақынжанды адамдар сүйер құлап,

Тек жақсысын көредi тұрса ұнап.

Түзу жолды бұл тағдыр бұйыртпаған,

Бөлек меже, басқа арман, мың бiр сұрақ.

Ақынжанды адамның ойы түрiк,

Адастырмас күн күркiр, боран ұлып.

Өз адамын iздеген тапса егер,

Алдамас деп, сенедi арман ұлық.

Ақынжанды адамның мұңы басым,

Көрсетпейдi өзгеге көздiң жасын.

Сырты женiл көрiнер, iшi терең,

Бақыт құсын қондырар қырдан асып.

 

***

Творческие люди часто одиноки,

Монолог с собою в тишине ведут.

Внешний мир порою кажется жестоким,

И они в сторонку тихо отойдут.

Творческие люди часто уязвимы,

Им иным как будто кажется весь свет.

Сильные снаружи, а душой ранимы,

И в стихах мечтают свой оставить след.

Творческие люди сильно справедливы,

По другому вовсе видится им мир

Часто рифмой хлёсткой по судьбе гонимы,

Ведь у них по жизни свой ориентир.

Творческие люди любят без оглядки,

И в другом увидят лучшие черты.

Их судьба порою не бывает гладкой,

И у них другие цели и мечты.

Творческие люди держат нос по ветру,

Не собьёт с пути их вьюга и гроза.

Своего так часто ищут человека,

Чтоб мечта навеки с ним была одна.

Творческие люди часто одиноки,

По ночам с собою монолог ведут.

Лёгкие снаружи, а душой глубоки,

Лишь в конце тоннеля счастье обретут.