Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

Ана тілі – әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жинаған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры десекте болады.

Қазақстандық рухани бірлікті нығайту мақсатында Атырау облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ тілін жетік меңгерген этнос жастары арасындағы «Тіл-парасат» облыстық форумы өтті.

 

Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету мақсатында қазақ тілін меңгерген этнос жастарына қолдау көрсету аясында өткізілген байқауда 5 қатысушы бақ сынады.

Форумды өткізудегі негізгі мақсателіміздің мемлекеттік тілінің мәртебесін көтеру, өз тілімен қатар қазақ тілін меңгерген этнос өкілдеріне қолдау көрсету, тіл мәдениетін дамытып, үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

 

Шара таныстыру, диалог құру, өнер көрсету сынды 3 кезеңді қамтыды.

Байқау қорытындысы бойынша 3 орын иемденген Ирина Чеченова, Юн Руслан 50 мың теңге, 2 орын алған махамбеттік Наталья Михайлова 70 мың теңге сыйақымен марапатталды. Бас жүлдеге қол жеткізген жылойлық Юлиана Новикова 100 мың теңгені қанжығалады.