2021 жылғы 1-шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 83,5% — ы медициналық сақтандырудың қатысушылары болып табылады, яғни 15,85 млн адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Басқрама Төрағасы Қор тарапынан Қазақстан Республикасының МӘМС туралы Заңына сәйкес соңғы 3 айда төлем жүргізген 38 мың азаматты МӘМС жүйесіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілгені, сондай-ақ дербес төлеушілер бойынша МӘМС жарналарын төлеуге қатысты шаралар қабылданғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі  Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы 4 тамыздағы
№9-16/308 жедел – ақпаратқа сәйкес 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдаймен Атырау облысы халқының саны 663 239 адамды құрайды. 2021 жылғы 23 тамыздағы жағдаймен облыс бойынша сақтандырылған азаматтар саны 575 551 немесе 86,7%, сақтандырылмағандар 13,3%, құрайды немесе 87 688 адам.

Ал, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен сақтандырылмағандар саны 91 703 адамды құрады.

«Сақтандырылмағандардың ішінде 1,6 млн адам МӘМС үшін тұрақсыз төлем жасағандар болып табылады. Яғни,  олар үшін қандай да бір аударымдар және (немесе) жарналар алынған, бірақ тұрақты түрде емес, сол себепті  берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда сақтандырылу мәртебесі жоқ болып есептеледі. Өйткені БЖТ немесе жарнаның дербес төлеуші ретіндегі бірлі-жарым төлемдері МӘМС пакетінде барлық 12 ай бойы медициналық қызметтерді алуға құқық бермейді. Төлемдердің жүйелілігін сақтау әрқашан маңызды болып табылады» — деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.

МӘМС жүйесінен 3 млн-нан астам қазақстандық тыс қалып отыр, бұл халықтың осы бөлігі үшін МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қолжетімділігіне байланысты белгілі бір проблемаларды  туғызады.  Бірақ,  жүйеден тыс қалғандар да әрқашан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет алуға құқылы.

2021 жылдың басымен салыстырғанда сақтандырылған қазақстандықтардың саны 2% — ға немесе 328 038 адамға азайған.

«Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келетін болсақ, олар бойынша МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін автоматты түрде беру үшін Қордың ақпараттық жүйелерін ҚР  ІІМ КҚК ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселесі пысықталуда», — деп атап өтті Қор басшысы.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406