Көпшілік ерекше үміт артқан жобаның бірі де бірегейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі. МӘМС жұмысының төрт жылынан кейін денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесі әлеуетінің өсуі туралы ғана емес, сондай-ақ медициналық қызметтер нарығының бұрынғы моделінің өзгеруі туралы да айтуға болады. Қысқа уақыттың ішінде тізімде медициналық көмектің жаңа түрлері пайда болды, медицина неғұрлым технологиялық, жабдықталған, клиникалардың арасындағы бәсекелестік қарқын алуда. Адамдар өз емханаларына көбірек жүгіне бастады, тексеруден өтіп, дәрігерлерден консультация ала бастады, МӘМС-тің артықшылықтары біртіндеп байқала бастады. 

Атырау қаласында МӘМС жүйесі қалай іске асырылып жатыр? Ол үшін емханаларда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? МӘМС жүйесі туралы пікірін білу үшін біздің тілшіміз жоғары санатты дәрігер, «Халық алғысы» төсбелгісінің иегері, №2 Атырау қалалық емханасының директоры Элена Сауырбайқыз Даутовамен сұхбаттасқан еді.  

 

Құрметті Элена Сауырбаевна ең алдымен өзіңіз басқарып отырған КМК «№2 Атырау қалалық емханасына тіркелген азаматтар саны және де олардың ішінде қаншасы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған мәртебесін иеленетіндері қанша? Жалпы, емханада тұрғындарды МӘМС жүйесінде сақтандыру бойынша қандай шаралар жүргізіліп келетіндіген тоқталып өтсеңіз?

– Емханамызға қазіргі таңда 40866 халық тіркелген, олардың  35677 МӘМС жүйесінде сақтандырылып, ал 5189 азаматтар сақтандырылмаған. Сақтандырылмаған азаматтар тізімі алынып, тіркелген байланыс телефондарына әлеуметтік қызметкерлер, психолог, учаскелік мейірбикелер мен емхана дәрігерлері қоңырау шалып, байланысқа шыға алмаған тұрғындармен аула аралау барысында үйлеріне барып толық мәлімет беріліп, ақпараттық бетшелер таратылуда. Емхана тіркеу бөлімінде МӘМС сұрақтары бойынша кеңес және ақпарат беру мақсатында түсіндірме стөлі жасақталып, мамандар түсінік жұмысын жүргізуде. Сондай – ақ емхана ішіндегі теледидарлардан МӘМС жүйесі, қалай сақтандырылған статусын алу алгоримдері, төлем жасау жолдары туралы ақпарат жүргізілуде. Емханамызда МӘМС жүйесі бойынша интернет желілерінде, емхана сайттарында тікелей эфирлер пост  ақпарттандырулар үнемі жүріп тұрады.

КМК «№2 Атырау қалалық емханасы тұрғындарға қандай медициналық қызметтер көрсетеді? Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке жүгініп, МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызметтер алған тұрғындар саны қанша? Сіздің емханада сырқаттары анықталып, әрі қарай квота немес портал арқылы орталықтарда ем алған науқастар санына қанша?

– ҚР ДСМ 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрығына сәйкес барлық қызметтер көрсетіледі. Науқасқа кез келген консультациялық-диагностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерттеп, көрсетілімі бойынша қажетті диагностикалық зерттеулерге, атап айтқанда КТ, МРТ, УЗД, зертханалық диагностикалық   зерттеулер жүргізуге жолдама береді. Қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациент Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  «Сақтандырылған» мәртебесіне ие болуы тиіс, өйткені емхана деңгейінде бұл қызметтер МӘМС шеңберінде көрсетіледі.                                    Ағымдағы жылдың 4 айың қорытындысымен емханаға  30417 халық медициналық көмекке жүгініп, оның 9125 адамы МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызметті алған. Бүгінгі күнге дейін квотамен – 120 науқас, порталмен – 796 науқас ем қабылдады, осының ішінде күндізгі стационардан да ем алғандар қамтылып отыр.

Элена Сауырбаевна КМК «№2 Атырау қалалық емханасында» науқастарды қолдау қызметі жұмыс жасай ма? Науқастардың өтініштері мен шағымдарын қарау бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Әрине, науқастарды қолдау қызметі жұмыс жасайды. Аталған қызмет көрсету бөлмесі емхананың 1-ші қабатында №1 кабинетте орналасқан. Осы жерде науқастардың шағымдары мен өтініштері қаралып, мүмкіндігінше науқасқа сол мезетте сұрақтарының  оңтайлы шешілуіне жұмыстанамыз. Әрбір түскен  ұсыныстарды жұмыс барысында ескере отырып түзетуге тырысамыз. Арыз – шағымдарды болдырмау мақсатында тіркелушілермен түсінік жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек шағымның алдын алу мақсатында әрдайым  медицина  қызметкерлерімен оқытулар,  түсінік жұмыстары, бұйрық тармен күніге таныстырылып отырады. Және де медицина қызметкерлерімен этика деантология бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады.

Өзіңіз Денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан дәрігер, әрі сарапшы маман ретінде елімізде жүзеге асырылып жатқан МӘМС жүйесі туралы өз ойыңызды білсек?

МӘМС жүйесінің өзіндік ерекшелігі бары рас, халық соған толықтай үйренгенше әлі де уақыт қажет. Себебі сақтандырылмаған халық арасынан аурушаңдықты анықтауда және анықталған жағдайда шешім шығару барысында қиындықтар туындайды. Алайда, белгілі бір жүйенің болуы да дұрыс деп ойлаймын.

Азаматтарға тегін көмек алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылу қажет. Өкінішке орай елімізде 3 млн артық,  емханамыз бойынша 5 мыңға жуық адам тіркелмеген. Ол дегеніміз медициналық көмекті қажет болған жағдайда толық ала алмайды, әрине шұғыл медициналық көмектен басқа.

Сақтандырылмаған азаматтарға өз денсаулығы үшін жылдық төлемнің 51 000 теңге екендігін, егер де қандайда бір жағдайлар болып, зерттеулерден ақылы түрде өтетін болса өз қалталарынан одан да көп қаржылар кететіні кеңінен. жан-жақты түсіндіре алсақ жақсы болады деп ойлаймын.

МӘМС жүйесінде қатысушы тұрғын, сақтандырылған азамат ретінде медициналық көмекті кең көлемде пайдалана алады, атап айтқанда амбулаторлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек, стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту қызметтері, сонымен қатар дәрілік заттармен медициналық бұйымдармен қамтылады.

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы fms.kz ресми сайты Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, 1414 байланыс орталығы. Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді.