«Атырау облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК облысымызда 1974 жылдан бермен қарай  балаларға қол жетімді мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектер көрсетіп келе жатырған жалғыз көпсалалы медициналық  мекеме болып табылады.

Ағымдағы жылдың 26-шілдесі күні облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне ортопедия профилі бойынша 7 жастағы науқас түсті. Негізгі шағымы оң жақ сан сүйегінің әлсін-әлсін ауырсынуы. Анасының айтуы бойынша жарақат алғаннан кейін сан сүйегінің патологиялық сынуы болған. Ортопедтің нұсқаулығы бойынша оперативті емді қажет еткен.

Ауруханаға жатқызылғаннан кейін қосымша рентгенография жасалып, 31 шілдесі күні 78.09 Сүйектердің трансплантациясы атты ота сәтті өткізілді. Отаны жасаған ортопед: Есназаров Болат Нуртуганович және Анестезиолог: Камалов Жанболат Рустемулы. Сонымен қатар, ассистенттері: Магзомов Жаксылык Ибраимович.

Қазіргі күні науқас қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды. Емдеуші дәрігерінің нұсқаулығы бойынша оған тұрғылықты мекен-жайы бойынша хирург пен ортопедке қаралып,  6 аптадан соң гипстік иммобилизация жасалуы ұсынылған.   Жасалған отаның жалпы құны: 837 162,16 теңгені құрады. МӘМС жүйесінің арқасында бұл ота сәбиге тегін жүргізілді.

2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС бойынша барлығы – 2414 оталар жасалынған. Оның ішінде 1410 оталар шұғыл түрде жасалған.