2022 жылдың бірінші жартыжылдығында әртүрлі байланыс арналары арқылы Атырау облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына 189 өтініш келіп түсті, оның 156-ы – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне, медициналық көмек көрсетуден бас тартуға, ТМККК мен МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек құралдарын беруден бас тарту мен консультациялық-диагностикалық қызметті көрсетуден бас тартуға (бейінді мамандар, диагностикалық қызмет), консультациялық-диагностикалық қызметті ұзақ күтуге, бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету сапасына қатысты шағымдар. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 134 шағымдар түскен болатын. (өткен жылмен салыстырғанда 29,1% пайызға өскен).

«Біз азаматтардың өтініштерінен, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарынан да пациенттердің  салалық маманның қабылдауына кіре алмайтынын айтқан шағымдарын жиі көреміз.  Себептері де алуан түрлі: дәрігер демалыста немесе  жұмыстан шығып кетті, ал жаңасын клиника әлі қабылдамаған; дәрігер пациенттердің барлығын қабылдап үлгермейді, ал клиника басшылығы екінші маманды алуға құлықсыз. Бұның нәтижесінде пациенттің кеңестік-диагностикалық қызметті күту ұзақтығына қатысты құқықтары бұзылады.  Бұл жағдайда клиника пациентті бірлесіп орындаушы ретінде басқа медициналық ұйымға, егер онымен келісім болмаса да, жіберуі керек. Шарт жолдаманы толтыру кезінде автоматты түрде жасалады», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Газизов.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) міндеттерінің бірі пациенттердің құқықтарын қорғау болып табылады. Күн сайын Қор келесі ресми байланыс арналары арқылы өтініштерді қабылдайды:

– 1406 байланыс орталығы,

– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,

– fms.kz ресми сайты,

– Telegram-дағы @SaqtandyrýBot.

Шағымдардың арасында алғашқы орында – дәрі-дәрмек құралдарын беруден бас тарту және ТМККК мен МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек құралдарын беруден бас тарту (балалар тағамдары, амбулаториялық дәрілік қамтуға) (12,82%), екінші орында – КДҚ жолдама беруге бас таруға қатысты шағымдар (бейінді мамандар, диагностикалық қызметтер) (12.82%), үшінші бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету сапасына қатысты шағымдар (12.18%).

Талдау нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда төмендегі медициналық ұйымдарда түскен шағымдар санының өскенін көрсетті:

“Медикер Жайык” ЖШС Филиалы “QAMQOR QP2” – 16 шағым (10,2%);

«Геолог поликлиникасы» ШЖҚ КМК – 15 шағым (9,6%);

«№1 Атырау қалалық поликлинкасы» ШЖҚ КМК – 15 шағым (9,6%);

«Достар Мед Престиж» ЖШС – 14 шағым (8,9%);

Барлық шағымдар бойынша медициналық ұйымдар кемшіліктерді одан әрі жоюмен және шағымдардың өсуіне жол бермеу бойынша шараларын қолдану арқылы тексерулер жүргізді.

«Қор әрбір шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және олар бұзылғанда, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, Қорға жүгіну қажет», –  деп атап өтті Байтолла Газизов.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406