Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың  жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.

– Әрине, біз қашықтан ұйымдастырылған ойын алдында қобалжыдық, – дейді Павлодардағы NIS оқушысы Санжар Бозтай, – бірақ жаттықтырушыларымыздың арқасында дайындығымыз жоғары деңгейде болды.

Ойын алдында қатысшуларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады:

– Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын оқушыларымыздың арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мнн мәдениетіне жақындай түсу.

Семей қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Айым Әкімбергенова бұл ойынмен екінші сыныптан бастап шұғылданып келеді:

– Мен тоғызқұмалақ дәстүрі әрдайым әйгілі болған Абай ауданында дүниеге келдім, сол жақта тоғызқұмалақ үйірмесіне қатыстым. Спартакиада секілді осындай ауқымды әрі әйгілі жарысқа алғаш рет қатысуым.

Петропавлдағы Зияткерлік мектеп оқушысы Жанбатыр Серіктің алғашқы жаттықтырушысы —  әкесі, оның тоғызқұмалаққа деген қызығушылығы отбасында басталған, алдымен ата-анасымен ойнаған, ал бүгінде спарткиадада мектеп намысын қорғауда.

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Арсен Асылбекке тоғызқұмалақтың қыр-сырын анасы үйреткен, атасы да бұл ойынды жақсы ойнаған. Бүгін спорттық әулеттің ізін Арсен жалғап келеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Төлепберген Диас алғаш рет өз ағасымен сынға түскен.

Спарткиаданың көп ойыншылары Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тоғызқұмалақ ойынына елордадағы физика-математика бағытындағы мектептің оқушысы Амира Хианова мен Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің оқушысы Нұрай Махамбет секілді келген.

Көптеген ойыншылар өздерінің өңірлік және  республикалық жарыстағы жеңістерін мақтан тұтады. Оралдық команданың намысын қорғауға республикалық чемпионат жеңімпазы Бекарыс Жотабаев, қалалық жарыстардың жүлдегері Санида Нурсалим, NIS  желілік спартакиадасының жарқын жұлдыздары Нұрбақыт Жоламан мен Абылай Маметан өз үлестерін қосуда.

Қарағандыдағы жетінші сынып оқушысы Марғұлан Санат тоғыз жасында облыс чемпионы атанған. Ал елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Гүлназ Хасанова болса жүлделі орындардың коллекциясын жинап үлгерген.

Әрбір қатысушы ойынмен байланысты өз оқиғасын айтып берді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Жания Мұхтарханова бір кездері елордаға Павлодар қаласынан тоғызқұмалақ жарысына келген екен.

Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушысы Вадим Семенов бала кезінен үстел ойындарымен шұғылданған, әсіресе логикалық және дуэльді түрлеріне қызығушылығы жоғары болған.

– Мен осылай тоғызқұмалақ ойынына келдім. Ойын дұрыс есептеп, көп комбинациялардың ішінен оң нұсқаны таңдауға негізделген, мұнымен қоса мен сандарды жақсы көремін.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Төлеев Нұрхан өмірдегі жарқын сәттерінің бірі деп ойындағы ең тез жеңісі – жиырма минут ішіндегі жеңісін біледі.

– Біздің әрқайсымыз үшін тоғызқұмалақ ойын ғана емес, халқымыздың тарихы болып табылады. Біз ата-бабамыздан мирас болып қалған дәстүрлерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз, – дейді Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Саялым Дюсекеева.

– Тоғызқұмалақ – адамды дамытып, танымын кеңейтетін зияткерлік ойын, – деп Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Ержан Аман ой бөлісті.

Назарбаев Зияткерлік мектептері даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ балалардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып келетінін, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға арналған жобалар NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие екендігін атап өтті.

Үш жастық топта командалық есепте 2020 жылдың чемпиондары болып Талдықорған және Қызылорда қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрамалары танылды. Бір ерекешелігі Қызылорда командасы екі бірдей жастық топта сенімді жеңіске қол жеткізді. Жастық тобы бойынша жеке есепте Анель Кайрат, Абылайхан Тыныштықбай (екеуі де Талдықорған қ. НЗМ), Жұлдызай Мұнайтбасова (Қызылорда қ. НЗМ), Бекжан Әділжаппар (Семей қ. НЗМ), Жұлдыз Садықбек (Қызылорда қ. НЗМ), Бекарыс Жортабаев (Орал қ. НЗМ) чемпион атанады.