Автор фото Amir Mukhametgalin

Еліміздің арзан тарифті әуетасымалдаушысы – FlyArystan әуекомпаниясы 2020 жылдың қыркүйегінде ұшырылған рейстердің уақытылы орындау көрсеткіштерімен (OTP – on-time perfomance) бөлісті. OTP – бұл әуекомпания сапараларының дәл уақытында орындалуын көрсететін халықаралық индексі.

Бұдан былай FlyArystan бұл ақпаратпен ай сайын ашық бөлісуге дайын екендігін хабарлайды. Осылайша өткен айда FlyArystan 1300 шамасында рейстерді орындап, олардың 92% кешіктірмей ұшырды. Сонымен қатар 9 ай ішінде (қаңтар-қыркүйек) 6300-ден астам рейс 91% уақытылы орындалғанын хабарлайды.

Халықаралық азаматтық авиация стандарттарына сай орташа ОТР-көрсеткіші 85% құрайды. Бұл есепке жоспарланған уақыттан кеш ұшырылған рейстердің барлық түрлері кіреді, оның ішінде ауа-райы салдарынан кешіктірілген саяхаттар да ескерілген. Осы нәтижелерді ашық көрсету арқылы, бюджеттік компания жолаушыларға саяхатты жоспарлау мүмкіндігін арттыруға мүмкіндігін беруге әзір.

«Біз халықпен, жолаушылармен адал болып, олармен нақтылық көрсеткіштерімен бөлісуге дайынбыз», – деп айтты FlyArystan әуекомпаниясының жерүсті қызметі директоры Данияр Өскенбаев. «FlyArystan еліміздің және Орталық Азияның алғашқы лоукостері ғана емес, сонымен қатар ОТР-нәтижелерін ашық жариялауға әзір әуекомпания. Осылайша біз ай сайын бұл сандармен flyarystan.com сайтында бөлісетін боламыз» – деп тәмамдады компания директоры.

Естеріңізге сала кетсек, FlyArystan-ның алғашқы рейсі 2019 жылдың мамырынан бастап Алматы әуежайынан орындала бастады. Ал қазіргі таңда флоттағы 6 Airbus A320 ұшақтары күнделікті Қазақстан бойынша 48 астам рейстерді орындайды. Үстіміздегі жылдың қазанынан бастап лоукостердің әуепаркі тағы бір Airbus A320 ұшағымен толыспақ.

 

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, “The Best Deal of the Year” номинациясын иемденді. Ал 23-ші «Крылья России 2019» атты әуе сылығында қазақстандық лоукостер «ТМД-ғы жыл оқиғасы» атауның жеңімпазы атанды.

 

Instagram: https://www.instagram.com/flyarystan/

Facebook: https://www.facebook.com/FlyArystan/

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCCNKeiGTetmdaNUDw7coeQQ

Vkontakte: https://vk.com/flyarystan_official

Telegram: @FlyArystan_official

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді? https://youtu.be/xy8MlP-pnMg

Арзан билетті қалай табуға болады? https://youtu.be/CsnygBFLTmM

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады? https://youtu.be/v_FGOQxn_MY

 

 FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com

Автор фото Amir Mukhametgalin