Бұдан былай бірінші отандық лоукостердің ұшақтарымен Каспий теңізіне дейін   Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау және Шымкент тұрғындарымен қатар Ақтөбе халқы да оңайлықпен жететін болады. FlyArystan бағдарлар желісін кеңейтіп, Ақтау-Ақтөбе мен Ақтөбе-Ақтау бағыттарына билет сатылымын ашық деп қуана хабарлайды.

Тұрақты рейстер заманауи әрі жайлы Airbus A320 ұшақтарымен орындалатын болады. 180-орынды әуелайнерлер үстіміздегі жылдың 16 қазанынан бастап қатынайды. Маңғыстау облысынан Ақтөбеге жету әуебилетінің құны небәрі 6999 теңгеден басталады. Аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан неғұрлым арзан екенін атап кеткен жөн.

Батыс өңірінде орналасқан екі шаһар арасындағы әуеқатынас бір жарым сағаттан кем болмақ, ал рейстер аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма мен жексенбі күндері орындалады. Билеттерді дәл қазір flyarystan.com сайты немесе әуекомпанияның мобильді қосымшасынан сатып алуға болады. Сонымен қатар билеттер сатылымы 2021 жылдың 27 наурызына дейінгі сапарларға қолжетімді екенін хабарлайды.

«Жыл сайын Каспий жағалауында демалуға ниет танытқан жандар саны артып келеді. Теңізден бөлек облысқа келушілер басқа да көрнекі жерлерін жиі тамашалап тұрады. Олардың ішінде аса қызуғушылық тудыратыны Бекет ата мешіті, Кенді баба қорымы, Бозжыра мен Саура шатқалдары және басқасы. Ақтаудың ерекшелігі – оның жайлы температурасында. Мұнда жыл бойы ауа райы жылы, сол себепті мұнда қысы-жазы демалуға болады. Ал FlyArystan қолжетімді бағаларымен Қазақстан шаһарлары арасындағы саяхаттау ешбір қиындық туғызбайды», – деп санайды әуекомпанияның қаржы директоры Әлім Шалбаев.

«Айта кетерлік бір жәйт – 2020 ж. тамыз айында Ақтаудан/ға қатынаған жолаушылар саны үстіміздегі жылдың шілдесімен салыстырғанда 120% артқан екен. Өз тарапымыздан біз өз мүмкіндіктерімізді арттырып, еліміздің батыс өңірінен/не одан да көп орынды ұсынуға дайын екенімізді хабарлаймыз», – деп ойын тәмамдады лоукостер басшысы.

 

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана»  әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, “The Best Deal of the Year” номинациясын иемденді. Ал 23-ші «Крылья России 2019» атты әуе сылығында қазақстандық луокостер «ТМД-ғы жыл оқиғасы» атауның жеңімпазы атанды.

 

Instagram: https://www.instagram.com/flyarystan/

Facebook: https://www.facebook.com/FlyArystan/

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCCNKeiGTetmdaNUDw7coeQQ

Vkontakte: https://vk.com/flyarystan_official

Telegram: @FlyArystan_official

 

Пайдалы ақпарат:

Лоукостер дегеніміз не және оның бағасы неліктен қолжетімді? https://youtu.be/xy8MlP-pnMg

Арзан билетті қалай табуға болады? https://youtu.be/CsnygBFLTmM

FlyArystan рейсіне қалай кешікпей келуге болады? https://youtu.be/v_FGOQxn_MY

 

 FlyArystan баспасөз қызметі  pr@flyarystan.com