Елімізде МӘМС жүйесінің енгізілгеніне биыл бесінші жыл. Ресми мәлімет бойынша содан бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есеге өсіпті. Қазірдің өзінде МӘМС жүйесінің игілігін көріп, тиімділігіне көз жеткізген адамдар көп. Атырау облысында да МӘМС жүйесінің арқасында мыңдаған науқастардың қымбат медициналық технологияларға деген қолжетімділіктің артқанын көріп отырмыз. Атырау қаласында МӘМС жүйесі қалай жүзеге асырылып жатыр? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын алу үшін біздің тілшіміз Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирург – дәрігері, И.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының түлегі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының шақыртуы бойынша 2018 жылы Тараз қаласынан келген білікті маман Шодер Рахимұлы Ариповпен сұхбаттасқан болатын.
Қадірменді Шадер Рахимұлы, оқырманға түсінікті болуы үшін Атырау облысында балаларға нейрохирургиялық қызметтер қандай диагноздарға көрсетілетіндігіне кеңірек тоқталсаңыз?
Атырау облыстық балалар ауруханасында нейрохирургиялық қызмет травматология бөлімшесінде көрсетіледі. Қазіргі таңда шұғыл және жоспарлы түрде көмек көрсетуге бағытталған 6 нейрохирургиялық кереуетіміз бар. Нейрохирургиялық көмек шұғыл түрде бас ми жарақаттарын алған науқастарға және жоспарлы түрде туа және жүре пайда болған бас, жұлын патологияларында көрсетіледі.
Атырау облыстық балалар ауруханасында қандай күрделі нейрохирургиялық оталар жасалады? Ол күрделі медициналық оталарды барлық науқастардың қалталары көтере ала ма?
ҚР ДСМ м.а. 30.10.20ж. № ҚР ДСМ-170/2020 бұйырығында бекітілген ортақ тарифтерді қарасақ, нейрохирургиялық оталар өте қымбат қызметтердің қатарында екендігін байқауға болады. Бұндай өте қымбат оталардың ақысы науқастарға МӘМС және ТМККК пакеттері шеңберінде өтелуі пациенттерге қолжетімді медициналық көмек алуға мүмкіндік беруде. Мысал ретінде алсақ МӘМС жүйесі бойынша бас ми сүйегінің дефектісін жабуға бағытталған материалы сүйек тектес пластина қолданылған бір ғана отаны жасаудың құны 2 млн. 973 мың теңгені құрағандығын айта аламын.
Ауруханамыздың дәрігерлері жүйелі түрде алыс және жақын шетел мемлекеттерінің медициналық клиникаларында тәжірибе алып, жаңа жоғары технологиялық оталарды облыс деңгейінде жасауды енгізуде. Мысал ретінде, Түркия еліндегі оқу нәтижесінде оториноларингологиялық отаның жаңа түрлері: Тимпанопластика 1-2 түрлері, Дабыл жарғағын шунттау және санациялау, эндоскопиялық септопластика, эндоскопиялық риносептопластика, FESS – функциональды эндоскопиялық ринохирургия оталары. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғалары, оқыс жағдайлар кезінде алынған жарақаттарда шұғыл түрде жасалынатын нейрохирургиялық оталар біздің аурухана деңгейінде жасалынады.
Шадер Рахимұлы, оқырмандарға Атырау облыстық балалар ауруханасында жасалған сізге нейрохирург – дәрігер ретінде өте қиын әрі ауыр болған ота тарихы туралы айтып берсеңіз?
Ешбір ота қиындықсыз өтпейтіндігін мойындау қажет. Аурухана әкімшілігінің ұйымдастырушылық жұмысы арқасында нейрохирургиялық оталарға қажетті барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенбіз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ота блогымыз заманауи стандарттарға сәйкес жөндеуден өтті. Ол өз кезегінде жұмысымыздың өнімді және сапалы болуына өз ықпалын тигізуде.
Сіздің облыстқа белгілі мықты балалар нейрохирургі, әрі медицнна саласында көп жылдар еңбек етіп жүрген мықты сарапшы маман ретіндегі елімізде жүзеге асырылып жатқан МӘМС жүйесі туралы өз ойыңызды білсек?
Қазіргі таңда медицина саласының бағыт бағдары аурулардың ерте сатасында анықтау, профилактикамен айналысу болып табылатыны айдан анық. Алайда, нейрохирургиялық секілді оталар қажет ететін пациенттерге МӘМС жүйесі медициналық көмектің қолжетімділігімен қамтамасыз етуде. МӘМС жүйесі туралы өзімнің жеке ойым оң болып табылады. Әр жаңадан енгізілген жүйенің бастамада өз кемшіліктері мен жеткіліксіздіктері болары сөзсіз. Алайда Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тоқтаусыз дамыту және қателіктерді жою іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай, болашақта бұл жүйе сөзсіз әр тарапқа да тиімді болатын механизм етінде танылатынына сенімдімін.