Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне міне
3 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау жүйесі жақсарды деп айта аламыз. Өйткені, медициналық сақтандыру жүйесі еңгізілгелі бері түрлі консультациялық-диагностикалық тексерулер, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, күрделі оталар қолжетімді болды. Жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұрын ақылы негізде жүргізілген көптеген оталар, мысалы, есту қабілетін қалпына келтіру отасы, нейрохирургия, кардиохирургия, трансплантология, ЭКО қызметтері МӘМС жүйесінде қолжетімді болды.
Алайда, тәулік бойы 24 сағат жұмыс жасайтын 1414 Call-орталығы, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы, Қордың ресми сайты мен Денсаулық сақтау министрінің блогы арқылы филиалға түсетін шағымдар да бар. Әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында халықтың медициналық ұйымның қызметіне деген орынды реніштерін жариялау бой көрсетуде.
Ең басты мәселе біз жарна төлеп сақтандырылып тұрсақта медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі, дәрігердің қабылдамауы, дөрекі сөйлеуі, медициналық қызметтердің сапасы, консультациялық – диагностикалық қызметтерге жолдама бермейді деген сөздерді естиміз.
2023 жылғы 5 ай ішінде Қор арқылы 266 өтініш келіп түсті, оның 12-і алғыс, 31 консультациялық кеңес, ал 223-і шағым. Өткен жылғы осы кезеңде 124 шағым түскен болатын.
Тұрғындардан келіп түсетін медициналық қызмет сапасына байланысты шағымдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы үнемі назар аударып отырады. Филиалдың тұрғындарды ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің 8 7122 55-60-84, 8 7122 55-60-98 жұмыс телефон арқылы тұрғындардан келіп түсетін шағымдар мен арыздар сол бойда қабылданып, шағымданушының талабы негізді болған жағдайда дереу оң шешімін табуға жұмыстар жүргізіледі.
Атап айтар болса, ағымдағы жылдың 20-шы маусымы күні филиалға Атырау қаласының тұрғыны он бес апталық жүктілік кезеңіндегі Г қоңырау шалып, Геолог емханасына шағымын жеткізді. Жүкті әйелдің айтуы бойынша аталған мекеменің бейінді маманы медициналық тексеру жасау кезінде өзіне өте дөрекі сөйлеп, сапалы қызмет көрсетпеген. Қор филиалының мамандары қоңырау түскен бойда Геолог емханасына шығып, шұғыл түрде мән-жайды анықтауға кірісті. Осы аталған шағым бойынша 21 маусым күні Геолог емханасынан пациенттерді қолдау қызметінің маманы Шарафедин Жағпар қор филиалымен кері байланысқа шығып шағым бойынша сұрақтардың медициналық ұйым басшылығы деңгейінде шешіліп жатырғандығын айтты. Жүкті әйелмен телефон арқылы байланысып, 23 маусым күні бейінді маманның қабылдауына кері баратындығын және де медициналық мекеменің дәрігері жүкті әйелден өзінің дөрекілігі үшін кешірім сұрап келісімге келгендігін жеткізді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1414