«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы медициналық сақтандыру үшін кімдерден көп төлем түскеніні жөнінде хабарлады. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша  Атырау облысы бойынша 2,8 млрд теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түскен.

Жұмыс берушілер – аталған кезеңдер үшін аударымдар түрінде 1,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Жалдамалы жұмысшылар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек етіп жүргендер, ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер жалпы алғанда 1,1 млрд теңге жарна төледі.

Демек, 10 айдың қорытындысы бойынша облысымызда 582 208 сақтандырылған азамат  бар (халықтың 84,4%-ы).

Қор барлық жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түсетінін еске салды. Сол жерден қаржы сақтандырылған азаматтарға көрсетілген қызмет ақысын төлеуге жіберіледі.

Сақтандырудың жаңа әдісі туралы

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 5-қыркүйегінен бастап МӘМС жарналарын төлеудің жаңа тетігі – алдағы 12 айға төлем жасау механизмі іске қосылды. Бұрын өткен 12 ай үшін жарналар төленуі керек еді. Қазір жаңа әдісті таңдасаңыз, өткен жылы төленбеген кезеңдерді төлемеуге болады.

Мәртебе мен төлемдерді тексеру

Алдағы жылға сақтандыру мәртебесін беру және төлемдердің бар-жоғы туралы ақпаратты сақтандыру  мәртебесі тексерілетін келесі тәсілдермен алуға болады – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Қордың fms.kz ресми сайты арқылы немесе SaqtandyrýBot Telegram арнасы арқылы.

Төлемдер мен мәртебе туралы ресми құжатты eGov.kz электрондық үкімет порталынан «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы алуға болады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406