Атырау облысының Исатай аудандық орталық ауруханасы 50 төсектік орыны бар күніне 250 адам қабылдай алатын емхана. Бұл жерде біліктілігі жоғары, тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Ауруханаға қарасты 6 дәрігерлік амбулаториялар мен 5 медициналық пункттер жұмыс жасайды.
Исатай ауданы, Жанбай селосының 1957 жылғы тұрғыны денсаулығының нашарлауына байланысты Исатай аудандық орталық ауруханасына келеді. Ол өзінің оң жақ тізесі буынының ауруына, жүрген кезде ауырсынуға, оң жақ аяқтың тез шаршағыстығына, түнгі уақытта ауырсынудың күшеюіне және жалпы әлсіздікке шағымданады. Науқастың айтуынша бірнеше жыл қатарынан ауырады екен, амбулаторлық стационарлық ем қабылдағанмен жағдайы жақсармаған. Бейінді дәрігердің жан-жақты тексерісінен соң науқасқа деформацияланған оң жақтағы 3 – ші дәрежелі гонартроз, 3- ші дәрежелі НФС. Оң жақтағы ауру синдромы диагнозы қойылады.
Науқас емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Green Clinic» клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесіне жоспарлы түрде оң жақ тізе буынына толық эндопротездеу отасын жасау үшін шұғыл емге жіберіледі. Елімізде енгізілген МӘМС жүйесінің арқасында науқасқа ота тегін жасалынды. Қазіргі күні нақастың жағдайы жағдайы жақсарған, өздігінен еркін жүре алады, ауырсыну толық жойылған.
Жоспарлы емдеуге жатқызу – көрсетілімдер (анықталған жағдайда) болған жағдайда, созылмалы аурулар және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайларда дәрігердің пациентті емдеуге жолдауы. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы арқылы бірнеше күн ішінде науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты іске асырылады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Бірыңғай орталық – 1406