«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді» – деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалы.
Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3% – ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2% – ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады.
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.
Бірыңғай Жиынтық Төлем құрайды:
- қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңге;
- ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады.
Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406