Көлік жүргізушісі болып еңбек ететін Мұрат 55 жастағы Атырау қаласының тұрғыны. Мұраттың кенеттен оң көзі бұлдырап, көлік жүргізуге мүмкіндігі болмай қалды. Жанұясын осы көліктің арқасында асырап отырған Мұрат облыстық офтальмология ауруханасына келіп, дәрігерлердің кеңесін алады. Басында 2008 жылдан қант диабетімен ауыратындығы көзіне ота жасаған кезде қиыншылықтар туғызуы мүмкін екендігін айтқан кезде қатты қобалжығаны да рас. Алайда ол ота жасатуға келісім берді.
Сол жақ көзіне ота жасаған аурухана директоры М.Ж. Кусайнов болатын. Ота нәтижесінде науқастың 100 пайыз көзі көруге қол жеткізілді. Ал, тура бір ай өткеннен кейін, 2021жылдың 2 – ші маусымы күні екінші көзіне жоспарлы ота жасатты. Қазіргі күні ота өте жақсы нәтиже беріп отыр. Науқастың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. Жасалған ИОЛ – 167 имплантациясымен катарактаны факоэмульсификация отасы жоғары технологиялық оталар қатарына жатқызылады. Құны 256 мың теңге тұратын күрделі ота МӘМС жүйесінің арқасында науқасқа тегін жасалынды.
Жыл басынан бері Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 684 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 483 ота, шұғыл түрде – 201 оталар.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406