Атырау облыстық балалар ауруханасына Түркия елінен LIV Hospital клиникасының балалар хирург-ортопеды, доцент, медицина ғылымдарының докторы Шенол БЕКМЕЗ келді.
Түрік дәрігері мұнда күрделі ота жасаған. Науқастың диагнозы — «туа біткен жамбас буыны ақаудың асқынуы». Шенол Бекмез жергілікті дәрігерлермен бірге сан сүйегінің остеотомиясы мен сан сүйегінің мойының ұзарту оталарын өткізді.
«Мен мұнда Атырау облыстық балалар ауруханасының шақыртуымен келдім. Біз әріптестерімізбен және жергілікті балалар ортопеді Болат Есназаровпен ота жасадық. Келгендегі басты мақсатым — тәжірибе жүзінде мастер класстар өткізіп, тәжірибе алмасу. Кешегі ота 14 жастағы қызға жасалды. Ота өте сәтті, жақсы өтті. Алдағы уақытта жағдайы жақсарып кетеді деген үміттеміз, — деді Ш.Бекмез.
Ауруына ем іздеп, қажет болса шетел асып жүрген жергілікті тұрғындар іздегендерінің жақыннан табылғанына аса қуанышты. Солардың бірі ота жасалған қыздың — Ақбаян Сәрсенбаева. 14 жастағы қызына осыған дейін 3 рет ота жасатқан. Алайда нәтиже болмапты.
«Қызыма туылғаннан «рожденный вывих» диагнозы қойылған. 5 айынан бастап дәрігерлерге қаратып келе жатырмын. Ташкент, Алматыға апардым. Осы отаны қосқанда қызымның 4-ші отасы жасалып отыр. «Стамбулдан дәрігерлер келді»- деп дәрігерлер маған хабарласқан болатын. Келіп, келісімді беріп, ота жасаттым. Аллаға шүкір ота сәтті өтті. Баламен сөйлестім. Жағдайы жақсы» — деді Атырау қаласының тұрғыны Ақбаян Сәрсенбаева.
«Балалар ортопедиялық отасы — өте күрделі оталардың бірі. Қиын отаны шетелден мамандармен тәжірибе алмасу барысында жасап отырмыз. Балаларға осындай өте күрделі жоғары технологиялық оталарды МӘМС жүйесінің арқасында тегін жасауға мүмкіндік туып отыр. Себебі елімізде 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді» — деді облыстық балалар ауруханасының ортопед дәрігері Б.Есназаров.
Жасалған күрделі отаның жалпы құны: 837 162,16 теңгені құрады. МӘМС жүйесінің арқасында бұл ота сәбиге тегін жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 30-тамызындағы қорытындысымен жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасында барлығы — 2421 ота жасалынған. Оның ішінде 1410 (58%) шұғыл түрде. 1011 (42%) ота жоспарлы түрде жасалынған.Оның ішінде
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406