«Атырау облыстық кардиологиялық орталығы» бойынша 2023 жылдың 5 айында қымбат ота 31 науқасқа жасалды. Бүгінде кардиологиялық бөлімде пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық орталықта
563 коронарография жасалып, 272 науқасқа жедел миокард инфарктісі диагнозы қойылған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүрегіне ота жасалған 44 пациент оңалту курсынан өткен. Сондай- ақ, 8 науқасқа кардиохирургиялық ота жасалды. Осы жылдың 5 айында миокард инфарткісіне шалдыққан 176 науқастың тарылған тамырына стенд қойып, жүрек жұмысын қалыпқа келтірді. Әдетте мұндай оталар 1,5 млн теңгеден басталады. Мұның бәрі МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айы ішінде Атырау облыстық кардиологиялық орталығына 1963 жылғы туылған азамат кардиомиопатиялардың басқа түрлері диагнозымен келіп түседі. Науқастың айтуы бойынша 2018 жылдан бері ентігу, ісінуі пайда болғаннан бері өзін аурумын деп санайды екен. Жүрек жеткіліксіздігі синдромынан туындаған ауырлық жағдайында болады. Науқасқа орталықта автоматты кардиовертерды/дефибрилляторды имплантациялау отасы жасалынды.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында жасалған операциямен емделген бұл жағдайдың құны 1 679 204 теңгені құрады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1414